Түркістан қаласында ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылады. Орталықта аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға түрлі қызмет көрсетілмек. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Ғимарат 2018 жылы салынған. Жөндеу жұмыстары бекітілген бірыңғай дизайн концепциясына сәйкес жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйекте аяқталып, қазан айында ашылады деп жоспарлануда. Жалпы алаңы 2 118 шаршы метр. Жоспарлы төсек орын саны – 110 орындық. Жабдықтармен және жиһазбен материалдық-техникалық жарақтандыру «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. «Қамқорлық Қоры» КҚ – жобаның бастамашысы, мамандарды оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Негізгі бағыты – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм және басқа да психикалық…
Автор: ais_media
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Онда Түркістан қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде қолға алынатын сәулеттік жобалар сараланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынатын имандылық асхана сарайы мен балабақша жобасы қаралып, осы аумақтағы тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық нысандардың қасбеттерін әрлеу үлгілері көрсетілді. Мәдениет үйі мен жаңа саябақ үлгісі, «Күлтөбе қалашығы» және «Ұлы Жібек жолы» жобалары пысықталды. Жобалардың сәулеттік кейіпі бойынша ұсыныстарды тыңдаған облыс басшысы сапаға аса мән беруді, кейбір жобаларға өзгеріс енгізуді тапсырды. – Сәулеті, құрылысы талапқа сай жүргізілетін, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін нысандарды салуға жер, инфрақұрылым тарапынан қолдау болады. Бірақ…
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екі ел президенттерінің кездесуіне қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бері өзбек тарапы елімізге Сырдария өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберген болатын. Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы мәмілеге келген болатын. Нәтижесінде өзбек тарапы келісілген су көлемін 4 айда жіберді. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі шаруалардың суармалы суға сұранысын толық қанағаттандыру үшін жасалып жатыр. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасында 1.5 млрд текше метр су…
Теңге ілуден ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр. Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады. Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді. Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік…
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының мамандары №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында концерт қойды. Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жеткізді. Халықаралық жастар күніне орай бекітілген онкүндікте қарттар үйі де ұмыт қалмаған. Қайырымдылық концертіне жоғары деңгейде дайындалған Жастар орталығы елге танымал өнер жұлдыздарында шақырған. Концерттік іс-шарада «Million» командасы өнер көрсетті. Ал, қаламызға белігі әншілер Бағлан Жолдасов пен Астана Қарғабай және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Мөлдір Мұратбекова жанды дауыста ән шырқап, қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жастардың талантты өнерлеріне және кеш ұйымдастырушыларына риза болған қарттар өздерінің ақ батасын…
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс- сапары барысында ауылдық округ аумағында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен аудан басшысы Жылға елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан спорт кешенінің ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ішкі кәріз жүйесі орнатылып, нысанның еденіне кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезекте, аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фэльдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Аталған елді мекендерде бой көтеріп жатқан медициналық нысандарының ғимараттарына кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде.…
Елімізде бастама алған игілікті бастамалар мол. Солардың бірі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы. Жоба бойынша елдімекендерге тас жол төселіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып келеді. Биыл Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Біршамасының мердігері анықталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан асады деп күтілуде. Жалпы ағымдағы жылы Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы…
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автомобиль жолынының 16,5-23 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Ақтас пен Кеңсай елді мекендері аралығын қамтиды. Бүгінде мердігер «Real Stroy Invest» ЖШС тарапынан ескірген асфальт жабынын фрезалау жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес, фрезаланған жол бөлігіне екі қабатты асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру жұмыстары жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, облыстық маңызға ие жол торабын 2025 жылы толығымен аяқтау көзделген.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарымен кездесті. Орталық мешітте өткен жиынға облыстық дін істері басқармасының басшысы мен мамандары, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері, аудан, қалалардың бас имамдары және БАҚ өкілдері қатысты. – Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін айтқым келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн. Қазіргі таңда өңір тұрғындары «Умра» сапарына…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында оннан астам жобаның жүзеге асырылу барысы, қазіргі жай-күйі сарапталып, өзекті мәселелер қаралды. Штаб отырысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша ағымдағы жағдайы таныстырылды. Мәселен, Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытың құрылыс жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы «Саутс ойл» компаниясының вице-президенті Абзал Менлибеков баяндады. Аталған жобаның І кезеңі 2025 жылы жүзеге асады, 300 жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Түлкібастағы каустикалық сода зауытының құрылыс барысы туралы да мәлімет берілді. Инфрақұрылымы жасақталуда, жұмыс жүріп жатыр. 2025 жылы ашылатын өндіріс орнында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал Келес…