Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет инвесторларды қабылдап, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді. Алдымен Қытай инвесторларымен кездескен өңір басшысы зауыт, өндіріс орнын ашуға мемлекет тарапынан инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Облысымызда арнайы экономикалық аймақ, аудан, қалаларда индустриалды аймақтар бар. Біз өз тарапымыздан инвесторлар мен кәсіпкерлердің бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды. Кездесуде Түркістан маңында тұрмысқа қажетті тазалық заттарын шығаратын өндіріс орнын ашу және өзге де жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөз жүргізілді. Одан…
Автор: ais_media
Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар да берген болатын. Берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда Жетісай ауданы әкімінің бастамасымен ауданда ілкімді істер жүзеге асырылып, күндіз болу орталықтары оңды нәтижелерге қол жеткізуде. Аталмыш орталықтар мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың жеке қабылдауында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында ем қабылдаушы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде «САБИ» қайырымдылық қорының…
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барды. Алдымен, аудан басшысы мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындары Марина және Нұрсұлтан Бостановтардың тігін цехының жұмысымен танысты. Кәсіп иесі 2023 жылдың желтоқсан айында «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттен 2,5 пайыздық несие алып, қаржыға арнайы тігін машинасын,киім пішу столын және керекті тігін құрал- жабдықтарын сатып алып, кәсібін кеңейтуде. Жас шебер тапсырыспен ұлттық нақыштағы киімдер, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігумен айналысып, кәсібін дөңгелетуде. -Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қаражаттың мақсатты, адал және тұрғындардың игілігіне пайдалану басты мақсат екенін, кәсіпкерлер қатарының артуы елдегі жұмыссыздық деңгейі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀ Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты. Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты мекеме басшылары мен инвесторларға инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімінде жүзеге асыруын жүктеді. Айта кетейік, өңірімізде инвестиция тарту жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялар…
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелеріне бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Келесі кезекте , аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекеме өкілімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстары тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мекемемен ауылдық округ…
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытқа мемлекет тарапынан қолдау да көп көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін деген азаматтарға мол мүмкіндік берілуде. Мемлекет және атқарушы билік тарапынан аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбейіп келеді. Аудан көлемінде ауылдық округтердегі бизнесін шарықтатуға ниетті іскер тұлғаларға ұсыныстар берілуде. Осы бағытта Сауран ауданының әкімі Мақат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда ұтымды ұсыныстар мен кәсіптерін дамыту бағытында пікір алмасты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Түрлі сала бойынша өз жұмысын бастаған бизнес өкілдеріне арнайы…
Құрметті Шымкент қаласының белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдары! Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланғандығын хабарлайды. Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында 15 номинация бойынша жүзеге асырылады: 1. «Үздік волонтерлік ұйым»; 2. «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»; 3. «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»; 4. «Үздік әлеуметтік көмекші»; 5. «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»; 6. «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге…
Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты. Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және…
Түркістанда «Қылует» рухани орталығы бой көтеріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылыс алаңында болды. Бұл орталық демеушілер есебінен салынуда. Жоба құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын мешіт шаһардағы маңызды орталықтардың біріне айналмақ. Ерекше дизайндағы нысан 0,95 гектар аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі – 3000 шаршы метр. Жерасты мешітінде бір мезетте 500 адам құлшылық жасай алады. «Қылует» рухани-мәдени орталығында Көрме орталығы, 500 адамға арналған құлшылық орны, ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институты салынуда. 100 орынға арналған дәрісхана, 60 орынға арналған кітапхана, 120 орындық жатақхана, 60 орындық асхана салу көзделген. Облыс әкімінің орынбасары рухани орталықтың маңыздылығына тоқталып,…
Түркістан қаласында 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Рухани астанаға келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен мамандарға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген. Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, «Керуен сарай» кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді. Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді. Айта кетейік, мұндағы қызметкерлер…