Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан өңірінде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан «KAZ KIOTI» зауытында болып, шаруалармен кездесті. Бүгінде облыста «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Trade in» бағдарламасы қолданылып, шаруаларға ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылуда. Облыс әкімі шаруаларға тракторлар мен комбайндар кілттерін табыстады. Жалпы, бүгін 48 шаруа жаңа техникаға ие болды. – Түркістан облысысында ауыл шаруашылығы саласына «Ауыл аманаты» жобасы арқылы нақты қолдау көрсетіліп жатыр. «Trade in» бағдарламасы да тиімді жүзеге асуда. Осы қолдаулар арқылы ауыл шаруашылығы техникалары жаңаруда. Бүгін облысымыздың…
Автор: ais_media
Төлеби ауданында егін ору жұмыстары басталды. Биыл ауданда 22302 гектар аумаққа астық дақылдары егілді. Одан 50 мың тоннаға жуық астық жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оның 2177 гектары орылып, түсімділігі 22 ц/га айналып, 4789,4 тонна өнім жиналды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Ақбұлақ» ӨК -нің егіс алқабына арнайы барып, шаруалардың жұмысымен танысты. Өндіріс кооператив төрағасымен тілдесіп, егін-жайдың мәселесін сөз етіп, адам баласы еңбек етсе ғана табысты болатынын тілге тиек етті. Кооператив меншігіндегі техникалардың жай-күйіне көңіл бөліп, егіс алқабында бидай орымының куәсі болды. Айта кетейік, осы жылы ауданда 14957 гектарға бидай егіліп, «Стекловидная – 24», «Интенсивная», «Памят…
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен Түркістанда білім саласына бағытталған «Инновациялық жобалар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Еркін форматта жүргізілген шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жоба жасаушылардың жаңа жұмыстарымен танысты. Балалардың мультимедиялық форматта білімін жетілдіретін заман талабына сай жаңашылдықтар менеджменттік қабілетті арттырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне серпін бермек. Осы арқылы балалардың да сабаққа деген зейіні артады. – Жәрмеңке 5 бағытта жүргізілді. Бұл бастама мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды көздейді. Оқу-әдістемелік үдерісті…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар барысында аудандық орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт жамағатымен жүздесті. Онда шекаралық аймақтағы халқы тығыз орналасқан Сарыағаш ауданының стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталды. Ел бірлігін сақтауда руханият саласының өкілдеріне де артылар жүк көп екендігі туралы айтып, халықты ауызбіршілікке, ынтымаққа жетелеуде белсенді болуға шақырды. Содан кейін күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылы пайдалануға берілген 400 орындық аудандық мәдениет үйінің жағдайымен танысты. Ертай Кенжебекұлы мәдениет үйі жанынан үйірмелерді көбейту керектігін, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану қажеттігін ескертті. Одан аудандағы 46 мың кітап қоры бар орталық кітапхананы аралаған облыс әкімінің орынбасары кітапханашыларға заманауи…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын пысықтады. Алдымен, өңір басшысы Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс компаниясының басшысымен кездесіп, жұмыс барысын бақылады. – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Құрылыс сапасы белгіленген стандартқа сай болуы тиіс. Біз тек жоспарланған мерзімде сапалы жұмыс істеуді талап етеміз. Кедергілер болса, дер кезінде айтыңыздар. Әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынып жатқан мектептердің құрылыс үлгісін өзге білім ұяларына да қолдануды қарастыру қажет – деді Дархан Амангелдіұлы. «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен…
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылыту маусымына дайындықты талапқа сай жүргізуді тапсырған болатын. Осы ретте аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен 2024 — 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті. Аудан әкімі аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету керектігін айтты. Биыл жалпы аудан бойынша алынуы жоспарланған 37 917 тонна көмірдің 31 586 тоннасы тұрғындардың, 6331 тоннасы бюджеттік мекемелердің қаеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бүгінде сұраныстың 564 тоннасы ғана тасымалданған. Өткен жылы елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде қатты отынға деген сұраныс 2023 жылмен салыстырғанда бюджеттік мекемелерде 14,5 пайызға,…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ашық диалог аланыңда облыс тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр. Онда өңір мәселелері тұрғындармен бірге көтеріліп, шешу жолдары қарастырылады. Өңір басшысының кезекті халықпен кездесуі Отырар ауданында өтті. Кездесу барысында облысты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылды. – Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Отырар ауданында өткен жылы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны көптеп енгізу және суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев ауданда тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар күнбағыс өсіріп жатқан «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Диқандардың өтініштерін тыңдады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан жасалатын қолдауларды түсіндіріп, аудандағы ауыл шаруашылығы саласын заманауи түрде дамыту керектігін жеткізді. Жаушықұм ауылындағы «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруа қожалығы түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп,…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жолдарды кеңейту, асфальт төсеу, сапасын жақсарту, жаңа жолдарды қолданысқа енгізуді тапсырған болатын. Осы тұста Кентау қаласындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Бүгінгі таңда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға жетіп, 303 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл бағытты жұмыстар жалғасып жатыр. Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, құрылыс жұмысын қажет ететін көшелер мен мөлтек аудандарға ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде. Бүгінде қаладағы 66 орам көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 205 метр асфальт жабындысы төселіп, аяқ жол мен арықтар орнаталды. Одан бөлек 14,5 шақырымды…
Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүруде. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселесін талқылады. Қос тарап іскерлік байланысты дамытуға ниет білдіре отырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. – Мемлекет тарапынан өңірде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте жеке инвесторларды тартуға да мән берілуде. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев. Осы келісімге сай инвестор тарапынан Сауран ауданында заманауи емхана салынбақ. Емхана толығымен медициналық құрал-жабдықтармен және КТ, МРТ аппараттарымен…