Автор: ais_media

Түркістан облысында кезекті жылыту маусымына дайындық басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге жауапты басшыларды жинап, тиісті тапсырмалар берді. Мәжілісте өңірге көмір жеткізу бағытындағы жұмыстар туралы есеп беріліп, жоспарлар жасалды. – Жылыту маусымында өңірде көмірден ешқандай проблема болмауы тиіс. Мектептер, ауруханалар және өзге де бюджеттік мекемелердің көмірмен қамтылуы қадағалансын. Тасымалдаушы компаниялармен келісімді ерт жасап, тасымалды жеделдетіңіздер. 1 қыркүйекке дейін білім ұялары көмірмен қатылуы қажет. Әр аудан, қала әкімі жылыту маусымына дайындықты қатаң қадағалап, тиістиі жұмыстарды уақтылы атқарсын, – деді Дархан Сатыбалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтың айтуынша, 2024-2025 жылдарға арналған көмірмен қамту жұмыстары…

Read More

Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін айтты. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының…

Read More

Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады. Бүгін «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Кептірілген жемістерді «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару. Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға…

Read More

Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінде «AZIA MILK» маркасымен ірі сүт фермасы іске қосылмақ. 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Елді мекен шетіндегі 10 гектар аумаққа израильдік технология негізінде ферма ашуды көздеген кәсіпкер 1 200 бас ірі қараға арналған қора, жем-шөп жинайтын орын, сүтті жинап әрі сүт өнімдерін дайындайтын арнайы ғимарат салмақ. Аудан экономикасына айтарлықтай әсерін тигізетін фермаға өңір әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып, жобамен танысты. Кәсіпкер фермаға метеостанциясы бар желдеткіш және заманауи жарық жүйесі, сиырдың тойғаны мен жағдайын анықтайтын бейне-камералар орнатылатынын жеткізді. Аудан басшысы өндіріс орны — өңірдегі сүт шаруашылығын дамытып, аудан тұрғындарын…

Read More

Түркістан облысында жалпы медицина саласында 24 592 маман қызмет атқарады. Оның 5 486-сы – дәрігер, 19106-сы – орта буынды медицина қызметкері. Бүгінгі таңда, облыс көлемінде 274 бейінді дәрігерге тапшылық туындап отыр. Оның 100-ге жуығы құрылысы құрылысы жүріп жатқан 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді ауруханаға қажет екені анықталып отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірінде «Түркістан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» №37/391-VI шешіміне сәйкес, 2023 жылы облыс аумағындағы ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина кадрларына деген…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Жобаның басты мақсаты − ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Бағдарлама басталғалы ауыл-аймақтарда мыңдаған шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашып, шаруашылығын дамытты. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылғы өндірілген өнім көлемі жағынан Түркістан облысы 13,3% көрсеткішпен республикада көш бастады. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Қалданов мәлімдеді. «2023 жылы Республикалық бюджеттен аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге…

Read More

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда аудандық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары туралы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров баяндама жасады. Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакировтың мәлімдеуінше 2024 жылдың қаңтар-маусым айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 942,5 млн. теңгеге жеткен. Бекітілген кешенді жоспарға…

Read More

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, шалғайдағы елдімекендерде инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игілігі мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету өте маңызды. Тұрғындар жайлы өмір сүру үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көптеген мәселе шешімін тапты. Ауылдардың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жаңғыртып, қазақстандықтардың жергілікті жерде жұмыспен қамтылуына қатысты идеологияны қалыптастыруға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асып келе жатқанына 5 жыл болды. Бұл жоба Түркістан облысында сәтті жүзеге асырылуда. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолға алынған жоба Сайрам ауданында кеңінен жүзеге асып келеді. Елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жетілдірілуде. 2023…

Read More

Ауыл – қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Киелі қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Өсіп-өнуіне мүмкіндік берді. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады. Ауыл, туған жер дегенде, «Туған жерге туыңды тік» деп дана халқымыз…

Read More

2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды. Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармаларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігін ескертті. – Мемлекет басшысы биыл экономиканың 6% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Үкімет тарапынан арнайы жоспар түзіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар айқындалған. Барлық аудан, қала әкімі мен басқарма басшылары өздеріне бекітілген индикаторларды орындауы тиіс. Бұл мәселені екі аптада бір рет тұрақты түрде талқылауды тапсырамын. Жұмысты жандандырыңызыдар. Бір ғана кәсіпорын немесе зауытқа қарап отыра беруге болмайды. Көрсеткіштер…

Read More