Түркістан облысында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 224-ке жетіп отыр. Оның ішінде 147-сі тоғанды балық өсіру шаруашылығы болса, 97-сі жаңадан ашылған тоғандар. Өңірде аталған кәсіпке қызығушылар саны күн санап артып келеді. Тиісінше олардың талап-тілектері де назардан тыс қалмауы тиіс. Осы орайда Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіптік кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысында балық өсіруші шаруалар тарапынан түскен өтінім-талаптар тыңдалды. Күн тәртібінде балық шаруашылығына жұмсалатын ағын су тарифын реттеу және негізсіз тексерулер мәселелері талқыланды. Балық өсіруші шаруалардың айтуынша, балық шаруашылығындағы кәсіпкерлерге суды егінге қолданылатын су тарифымен төлеу тиімсіз. Себебі, егіншілік пен балық шаруашылығының су тұтынуында үлкен айырмашылық бар. «Егінге…
Автор: ais_media
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» мекемесі қарамағында 2 тұқымбақ бар. Жалпы аумағы 140 гектар аумақты алып жатқан бақтарда 28 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Қазіргі таңда тұқымбақтарда 5,7 миллионнан астам көшет өсіріліп жатыр. Бұл жайында «Жасыл Аймақ» КММ директорының орынбасары Нұржан Кашкенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. -«Жасыл аймақ» КММ қарасты жасыл белдеу екпелері облыс көлеміндегі бірқатар аудандарда орналасқан. Жалпы аумағы 28 335 гектар жерді құрайды. Қазіргі таңда 17 019 гектар аумаққа әртүрлі ағаштар 6 аймаққа бөлініп отырғызылды. Мекемеде 591 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 76 дана арнайы техникамен қамтамасыз етілген,- деді спикер. Сонымен қатар, спикер «Жасыл…
Жалпы, қазір қоғамда талқыланып жатқан мәселелер жеткілікті. Соның бірі әрі халық үшін маңыздысының бірі – азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Қарапайым халықтың қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет болса, оның ішінде азық-түліктің атқаратын рөлі басым. Азық-түліктің бағасы қолжетімсіз болған жағдайда ел тұрмысына айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Бүгінгі таңда облыста азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне қатысты бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. Осы орайда, осы жаздың басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкіметке өткен кеңесте вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме…
Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 білім ұясы халық игілігі үшін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан мектептердің құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Құрылыс басында мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма міндеттеді. Кедергілер орын алған жағдайда, дер кезінде хабарлап, әрекет етуді тапсырды. Алдымен, облыс әкімінің орынбасары облыс орталығында салынып жатқан 2000 орындық жайлы мектептің құрылыс қарқынын тексерді. Бұл мектеп қаладағы №42 көшеде 4 гектар аумақта орналасқан. 4 қабатты нысанның құрылысын «Каратас Майнинг» ЖШС қолға алған. Ғимараттың жалпы…
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды. Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды. Облыс әкімі замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті әлі де толық қолданылмай отырғанын айтып, жауапты тұрғаларға тапсырма берді. Дамудың негізгі бағыттарының бірі – әуежай аумағында мульти-модальды логистикалық хаб құру. – Өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына оң әсер ететін жүйелі…
Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамту ең бірінші кезектегі іс екенін айтты. Құрылысы созбалаңға салынған нысандар бойынша аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берді. Жұмысты дұрыс атқармаған мердігерлердің мәселесін заң аясында қарауды тапсырды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. – Ауыз сумен қамту жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуы тиіс. Тапсырысты уақтылы орындамай, ауыз суды кешіктірген мердігерлермен заң аясында жұмыс жүргізіңіздер. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық…
Субсидияланған жұмыс орындарының бірі ақылы қоғамдық жұмыс орындары болып табылады. Өңірде биыл қоғамдық жұмыстарға 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып, нәтижесінде, 13,6 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Осы орайда, қоғамдық жұмыстарға қатысты заң шеңберінде бірқатар өзгерістер орын алуда. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік Кодексі» №224-VII Кодексінің 111-бап, 10-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыратын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» №476 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Биыл қоғамдық жұмыс орындарына жолданатын азаматтарға бекітілген жалақы мөлшері 88 608 теңгені құрайды. Бұл шешім, 2024 жылғы 31…
Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылды. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталатын. Түркістан қаласы жаңа облыс орталығы болып бекітіліп, шаһардың жаңа дәуірі басталды. Біздің өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы – басым бағыттардың бірі. Венгрияның үздік тәжірибелерін айналымға енгізуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Венгрия – біз үшін бауырлар әрі серіктес ел, – деді Дархан Сатыбалды.…
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы аясындағы кезекті жиын өтті, деп жазады aisnews.kz. Басқосуға Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері және палатаның аудандық филиал директорлары мен менеджерлері қатысты. Кездесу барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыру тәртібін, шарттары мен талаптарын түсіндірді. «Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан болуы тиіс. Сондай-ақ, өнімнің сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы керек. Сонымен қатар, өнімді дайындау кезінде елеулі қаржылық шығындарды талап етпейтін қарапайым құралдар мен тетіктер пайдаланылуы керек. Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 40-қа жуық өтініш түскен.…
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырғаны белгілі. Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталып, оқу курстары шеңберінде азаматтар қаржылық тәуелсіздікке бастайтын қадамдарды меңгереді. Дайындықтан өткен, тәжірибелі қаржы сарапшылары өткізетін дәрістерде, тыңдаушылар отбасылық табыстың есебін жүргізуді үйреніп шығады, тұрақты шығындарды қадағалаудың әдістерін меңгереді, қарыздар мен несиелерді жоюдың тиімді тәсілдері жөнінде мағлұмат алады, қаржылық мақсаттарға жетудің балама жолдарымен танысады. Тұрғындардың шамадан тыс несиеге тәуелді болып қалуымен байланысты күрделі әлеуметтік үрдістің зардабын төмендету, азаматтардың банктер мен екінші деңгейдегі қаржы ұйымдары алдындағы берешегі көлемінің шектен тыс артуына жол бермеу және жұртшылықты қажетсіз шығындарға ұрынып…