Автор: ais_media

«Таза Қазақстан» акциясы бір айлық немесе науқандық іс-шара емес. Бұл – өңір жұртшылығының өмір дағдысына айналуы керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжілісте осы мәселе қаралып, өңірдегі тазалық, абаттандыру жұмыстары барысы баяндалды. Сонымен бірге жазғы балалар лагерьлерінің дайындық барысы да пысықталды. – Санитариялық тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүйеленгенше бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Зерделеңіздер, ұсыныстар беріңіздер. Өзі отырған мемлекеттік мекеме ғимаратын таза ұстай алмайтын басшылар ауылдағы тірлікті жандандыра ала ма? Жазда да тазалық жұмыстары тұрақты жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды оқушылардың жазғы лагерьлерінің дайындығын тағы да тексеріп, талапқа сай етуді тапсырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан»…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. – Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып…

Read More

Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында халықаралық «Ipek Yolu» балалар және жас таланттар өнер фестивалі өтті. Түркия Республикасының «Maltepe Üniversitesi Konservatuvar», Халықаралық «Ipek Yolu» балалар фестивалінің Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына қатысқан Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Мейірхан Рахым жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін Гран-при иегері атанды. Халықаралық байқауға әлемнің барлық мемлекеттерінен талантты жастар қатысып, бақ сынады. Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына баға берді. Ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Татьяна Матвееваның қолдауымен, әуезді дауысымен, өнерін шыңдай білген жас талант иесі бас жүлдені жеңіп алды. Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдап өскен Мейірхан тума талант иесі. Осы кезге…

Read More

Ресей астанасы – Мәскеуде 30 мамыр мен 2 маусым аралығында академиялық есуден ірі халықаралық жарыс өтті. Биылғы регатаға Ресей, Беларусь, Сербия, Куба, Өзбекстан, Қазақстан және Пәкістанның 27 өңірінен 1300-ден астам ескекші жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің қос спортшысы Мелани Жақыпова мен Ангела Полянина қола жүлдеге ие болды. Бұл спортшылар Қазақстан құрамасы сапында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында екілік 2Х және төрттік 4Х сайыстарында медаль еншіледі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. – Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды, – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел…

Read More

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы кезекті рет пысықталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мектеппен қамту ісінің маңызды екеніне тоқталып, инфрақұрылыммен жасақтау, құрылысты кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді. – «Жайлы мектеп» жобасын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруымыз керек. Әрбір мердігердің жұмысы бақылауда болуы тиіс. Тұрақты түрде кеңесіп, кездескен мәселелерді жедел шешіп отырайық. Мектептер мерзімінде дайын болуы қажет. Екіншіден, мектептерге білікті директорларды конкурс арқылы тағайындап, тәжірибелі, білімді ұстаздармен қамту жұмысын да жандандырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды. Жиында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Облыстық құрылыс басқармасы мен аудан, қала әкімдерінің осы мәселеге байланысты жұмыстары…

Read More

Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Шешуші айқаста жерлесіміз (63,5 кг) Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж додасына жолдама алу үшін «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Алдымен ҚР Спартакиадасында топ жарды. Одан кейін Италиядағы лицензиялық турнирге қатысып, 1\16 финалда жеңілді. Елімізде кезекті рет осы салмақта іріктеу өткізіліп, 3 қарсыласын жеңді. Ал Тайланд төрінде 6 жекпе-жек өткізді. Кубалық қарсыласына есе жібергенімен қалған 5 қарсыласын жеңді. Үлкен еңбекпен келген жолдама Париж…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Жас кәсіпкерлер құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы өндірістік паркте орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорын бағытын кеңейтуді жоспарлауда. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша және мемлекет тарапынан қажетті қолдау жұмыстары атқарылатынын жеткізді. — Қазіргі уақытта кәсіппен айналысуға мүмкіндіктер өте көп. Біз кәсіпкерлердің бизнес идеялары мен старт-ап жобаларын іске…

Read More

Бүгін Созақ ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен барып, аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жауапты мамандарға құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен…

Read More

Төлеби ауданында қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалға байланысты жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы этносаралық қақтығыс алдын алу бойынша аудандық прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңесті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев баяндама жасап, этнос өкілдері орналасқан елдімекендердегі өзекті мәселелер бойынша ай сайын аудан әкімі мен орынбасарлары, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу керектігін атап өтті. Бейсенбай Тәжібаев этнос өкілдері шоғырланған аймақтарда түрлі оқиғаның орын алмауы үшін оның алдын алу, тұрғындар арасында ынтымақ орнату бойынша…

Read More