Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, өңірлерді дамыту, цифрлық мемлекет қалыптастыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл бағыттар елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, оның тапсырмасымен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Негізгі мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қысқарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Президент аймақтардың экономикасы жалпы алғанда өсіп келе жатқанын атап өткенмен, бірқатар түйткілді мәселе әлі де шешілмей отырғанын айтты. Соның бірі – инфрақұрылым тапшылығы. Орташа есеппен өңірлердің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 64,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында айтарлықтай алшақ.…
Автор: ais_media
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, жаңа Салық кодексін іске асыру, фискалдық тәртіпті күшейту және бюджет қаражатын тиімді басқару мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, салық-бюджет саясаты экономиканың орнықты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күшіне енген жаңа Салық кодексі экономикалық ашықтық пен тәртіпті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Алғашқы нәтижелер де бар. Экономика министрлігінің дерегінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа салық режимі енгізілгелі бері 180 мыңнан астам адам заңды түрде салық төлеуші ретінде тіркелген. Үкіметтің бағалауынша, салық реформасы нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түседі. Алайда…
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың құбылмалы кезеңіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтары мен Үкімет алдында тұрған шешуші міндеттерді нақтылап берді. Президент жаһандық ахуалдың күрделене түскенін атап өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру – қазіргі кезеңдегі басты мақсат екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылар әлемдік экономиканың өсімі баяулап, халықаралық сауда мен дамушы елдерге бағытталатын инвестиция көлемі азаяды деп болжауда. Көптеген мемлекет өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп, тарифтік шектеулерге көшкен. Жаһандану үдерісінің кері сипат ала бастауы геосаяси ахуалды түбегейлі өзгертуде. Осындай жағдайда Қазақстан үшін сыртқы өзгерістерге дер кезінде бейімделу – стратегиялық маңызы бар…
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар мен жаңа Конституция жобасының өзекті қырларына кеңінен тоқталды. Президенттің айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің түпкі өзегі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі тиімді қорғау. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы ұстанымның жалаң декларация емес екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғаудың айқын тетіктері көрсетілген біртұтас жүйе қалыптастыру көзделген. Соның айғағы ретінде Президент адвокаттар қауымдастығының ұсынысымен Конституция жобасына адвокатура туралы жеке бап енгізілгенін айтты. Бұл норма азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Сонымен қатар жаңа Ата Заңда…
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің алдағы даму бағдары мен саяси жаңғырудың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Жиын барысында Үкімет мүшелері 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары жөнінде есеп берді. Күн тәртібіне сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі индикаторларға тоқталып, Үкіметтің биылғы жоспарларын таныстырды. Ал цифрландыру үдерісі мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу мәселесі бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатының басымдықтары мен инфляцияны тежеу тетіктерін ортаға салды. Жиын соңында Президент…
2026 жылдың 9 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде студенттер арасында адамгершілік принциптерін нығайтуға бағытталған «QURMET» – бәрімізге ортақ құндылық!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған жиынның басты мақсаты — жас буынның бойында ұлттық тәрбие мен жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзара сыйластық мәдениетін көтеру және этикалық нормаларды түсіндіру. Рухани тәрбие мен сабақтастық Іс-шара барысында қатысушыларға адамгершілік, адалдық және өзара құрмет құндылықтарының қоғам дамуындағы маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Спикерлер мен ұйымдастырушылар «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасының қазақ халқының өміршең дәстүрі екенін атап өтіп, бұл қасиеттердің заманауи маман ретінде қалыптасу жолындағы рөліне тоқталды. Мазмұнды пікірталас…
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар азаматтарға кешенді әрі сапалы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Орталық Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі, 13А мекенжайында орналасқан. Мекеме 70 орынға есептелген және 18 жастан асқан I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық режимде қызмет көрсетуге бағытталған. Қызмет алушылар жұмыс күндері әр ауысымда 19 күнге дейін орталық қызметін пайдалана алады. Мұнда келушілер күніне үш мезгіл ыстық тамақпен — таңғы ас, түскі ас және түстен кейінгі аспен толық қамтамасыз етіледі. Бұл олардың денсаулығын сақтауға және оңалту үдерісін тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.…
Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challenge сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орынды қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында. Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті. Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп, екінші болып “Kazakhstan А” келеді. Осылайша,…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылары мен магистрлер қатысып, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудағы негізгі басымдықтар жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Жиын барысында заң ғылымдарының магистрі Аяулым Төленбекова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, бұл құжат Қазақстанның болашаққа бағытталған стратегиялық даму бағытын құқықтық тұрғыда бекітетінін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң жобасы отбасы мен неке секілді дәстүрлі құндылықтарды қорғауға, ұлттық бірлікті сақтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған нақты құқықтық негіз қалыптастырады. – Жаңа Конституция Қазақстанды халықаралық қауымдастық алдында адам құқықтары мен заң үстемдігін…
Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана бүгінде тек кітап пен білімнің ғана емес, қоғамдық ой мен азаматтық пікірдің ашық алаңына айналып келеді. Мұнда әдеби-мәдени іс-шаралармен қатар, ел өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүзеге асуда. Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде кітапхана қабырғасында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған келелі кеңес өтті. Жиынға кітапхана ұжымы қатысып, ел болашағын айқындайтын басты құжатқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Руханият ордасында өткен басқосуда айтылған әрбір пікірдің салмағы бөлек болды. Мемлекет тағдыры мен ұлттың ертеңі сөз болған жиында кітапханашылардың азаматтық ұстанымы айқын көрінді. Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова өз…