Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар жалғасуда. Аталған бағдарлама шеңберінде бүгін Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында, жастар арасында және қала аумағында ауқымды тазалық және ағартушылық шаралары ұйымдастырылды. Мектептегі экологиялық тәрбие Шымкент қаласындағы №137 мектепте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мазмұнды іс-шара өтті. Бастауыш және 5–9 сынып оқушылары пікірсайыс форматында табиғатты қорғау, қағазды қайта өңдеу, химиялық заттардың пайдасы мен зияны туралы ой бөлісті. Мектеп директоры Эльмира Қантаеваның айтуынша, оқу орнында экологиялық тәрбие беру жүйелі түрде жүргізіледі. Тәрбие сағаттары, ашық сабақтар мен тақырыптық кездесулер тұрақты ұйымдастырылып, оқушылар…
Автор: ais_media
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы әзірленді. Бұл жоба елдің саяси-құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуға, мемлекеттің іргелі қағидаттарын сақтауға және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа Конституция жобасының басты жаңалықтарының бірі – Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық сипаты және аумақтық тұтастығы өзгермейтін, мызғымас құндылықтар санатына енгізілуі. Бұл қағидаттар мемлекет дамуының негізі ретінде заң жүзінде нақты бекітіліп, кез келген конституциялық өзгерістерден тыс қалатын басты ұлттық құндылықтар ретінде айқындалды. Аталған бастама Қазақстанның мемлекеттілігі мен бірлігін нығайтуға, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық қадам болып табылады. Конституциялық реформа ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,…
Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті. Жиында Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлы сайланды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жаңа төрағаны құттықтап, кеңес мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференцияда ардагерлердің қоғамдағы рөлі мен үлесі ерекше аталып өтті. Қала өміріне белсенді араласатын, түрлі бастамаларды қолдайтын ардагерлердің еңбегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Берекелі қоғам» құру идеясымен үндеспек. Қала басшы өз сөзінде: «Ардагерлер – қоғамның алтын қоры. Сіздер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының қалыптасуына ұзақ жылдар бойы адал еңбек сіңірдіңіздер. Сондықтан да ардагерлердің орны қашанда биік, пікірі қашанда құнды», – деп атап…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Кеңеске құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар қаладағы қазіргі криминогендік ахуалды, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің қалалық департаментінің басшысы Өркен Сейітов және қала прокурорының орынбасары Рашид Әміров баяндама жасады. Отырыс барысында қала әкімі құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік органдар…
Под председательством акима города Шымкент Габита Сыздыкбекова состоялось внеочередное заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений. В совещании приняли участие руководители правоохранительных и специальных органов, депутаты маслихата, члены Общественного совета и представители средств массовой информации. В ходе заседания участники рассмотрели текущую криминогенную обстановку в городе, эффективность принимаемых профилактических мер, а также вопросы межведомственного взаимодействия в обеспечении общественной безопасности. По вопросам повестки дня с докладами выступили исполняющий обязанности начальника Департамента полиции города Шымкента Арман Бейсенбаев, руководитель городского Департамента Комитета по правовой статистике и специальным учетам Оркен Сеитов и заместитель прокурора города Рашид Амиров. В ходе заседания аким города отметил, что профилактика правонарушений…
Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді. Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелер көзделді. «Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам, Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындайды», – деп нақтылап өтті депутат. Яғни, Ата заң…
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру бойынша оқытушылар, студенттермен кездесу жиыны өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат жөнінде кеңірек әңгімелеп берді. Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Сәрсен Абайұлы қазіргі жаһандық бәсеке мен әлемдік тұрақсыздық кезеңінде кез-келген елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, интеллектуалды әлеуеті, білім сапасы мен ғылыми жетістіктері арқылы өлшенетінін атап өтті. – Конституцияның жаңа редакциясында преамбула толығымен жаңадан жазылып, онда Ұла даланың мыңжылдық тарихына сүйеніп, Ата Заңның негізгі мақсат-мұраттары…
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді. Реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халық билігінің рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру екені атап өтілді. Бұл бастама қазіргі жаһандық геосаяси үдерістер жағдайында еліміздің ішкі тұрақтылығы мен құқықтық негізін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Жиында сөз сөйлеген университеттің…
Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жолы тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 26 отбасы көптен күткен қонысына ие болды. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарында орналасқан жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Жаңа пәтер иелерінің басым бөлігі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар санатына жатады. Атап айтқанда, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар мен жетім балалар бар. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын…
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Кеңес мүшелерінің пікірінше, қолданыста болған Конституцияның 84 пайызына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Мемлекеттің басты заңдық құжатын «Жаңа Конституция» деп атауға толық негіз бар. Сонымен қатар, көпшілік талқысына ұсынылған құжат жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Жиынды Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысып, Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды. Бахадыр Нарымбетовтің айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу барысында қазақстандықтардан түскен 2000-нан астам ұсыныс пен…