Қазақстан 2026 жылы қабылданатын жаңа Конституцияда тарихта алғаш рет «Әділеттілік, Заң және Тәртіп» қағидаттары ресми түрде Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл – елдің құқықтық жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеру және азаматтардың құқықтарын толық қорғау бағытындағы маңызды қадам. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқын көрсетілген. Бұл құжат бойынша мемлекет қызметінің негізгі бағыты – азаматқа қызмет ету. Құжатта қоғам бірлігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Сондай-ақ, егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – өзгермейтін, мызғымас құндылықтар ретінде Конституцияда сақталған. Биліктің бастауы Қазақстан халқы болып табылады, яғни халық – мемлекеттік биліктің…
Автор: ais_media
В акимате города Шымкента состоялось совещание, посвящённое обсуждению и разъяснению проекта новой Конституции Республики Казахстан. В мероприятии приняли участие акимы районов, руководители управлений и государственных органов, члены Общественного совета, а также представители средств массовой информации. Открывая совещание, аким города Шымкента Габит Сыздыкбеков отметил особую значимость проекта новой Конституции для дальнейшего развития страны. Он напомнил, что в сентябре прошлого года Глава государства в Послании народу Казахстана выступил с инициативой парламентской реформы, направленной на комплексную перезагрузку политической системы и формирование устойчивой модели социально-экономического развития в условиях современных глобальных вызовов. По словам акима города, 8 октября Президентом было подписано распоряжение о создании Рабочей…
Шымкент қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шараға аудан әкімдері, басқарма басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесті ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерген болатын. Бұл реформа саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған. Қала әкімі 8 қазанда Президенттің парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғанын еске…
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өткізді. Іс-шара барысында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Конституцияның жаңа жобасы бойынша пікірлер ортаға салынды. Жиынға қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары қатысты. Бахадыр Нарымбетов Конституциялық комиссия отырысына қатысып, жұмыс барысында еліміздің болашағына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер жан-жақты қаралғанын атап өтті. Оның айтуынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан, саяси партиялардан көптеген ұсыныстар түскен. Аталған бағытта жарты жыл бойы жүйелі әрі қарқынды жұмыс жүргізілген. Мәслихат төрағасы Конституцияның жаңа жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері жаңа деңгейге көтерілгенін, бір палаталы Парламент жағдайында заң қабылдау үдерісі жеделдеп, Парламент…
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы мен «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел аясында студент жастарды буллинг, кибербуллинг және сталкинг секілді заманауи қауіптерден қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сман аталған құқық бұзушылықтардың заңнамалық негіздеріне тоқталып, жәбірленушілердің құқығын қорғаудың нақты тетіктерін түсіндірсе, Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева мен университет оқытушылары қазақ отбасындағы сыйластық дәстүрлері мен толеранттылықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мәдениет, спорт және педагогика саласының мамандары буллингтің алдын алудағы тәрбиенің рөлін ғылыми тұрғыда негіздеп, PhD докторанттар студенттердің психологиялық қауіпсіздігін нығайтуға…
Жаңа Ата Заң жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын маңызды ережелер қарастырылған. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді. Спикер Конституция жобасының «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөліміне енгізілген ережелерге тоқталды. «Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика деп тұжырымдалды. Осылайша бұрын бірқатар ғалымдар мен мамандардың басқару нысанын нақтылау қажеттігі туралы ұсынысы жүзеге асты», – деді Бақыт Нұрмұханов. Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысын қарапайым заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған. «Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылды. Бұл…
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында экологиялық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы еріктілердің рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, экологиялық мәдениет – өркениетті қоғамға тән аса маңызды құндылық, ал волонтерлер бұл бағытта нақты істер атқарып келеді. Өткен жылы еріктілер «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1300-ден астам іс-шараға қатысып, елді мекендерді көркейту мен табиғатты қорғауға үлес қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр өңірде тұрақты ұжымдар құрудың маңызын атап өтті. Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» қозғалысы ұлттық идея деңгейіне көтерілуі тиіс. Форум барысында Мемлекет басшысы халықаралық волонтерлік ықпалдастықты кеңейту қажеттігін де айтты. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД аясында еріктілер қозғалысын дамытуға белсенді қатысып келеді. Алдағы…
Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілер қозғалысының даму қарқынына тоқталып, нақты деректер келтірді. Президенттің айтуынша, 2020 жылы 50 мың болған волонтерлер саны бүгінде 300 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы іспен айналысатын ұйымдардың қатары 800-ден асты. Қазіргі таңда Қазақстанда бір ұлттық және жиырма аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Волонтерлер экология, білім, мәдениет және әлеуметтік салада маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» секілді жобалардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Президент волонтерлік қызметке заманауи технологияларды енгізу қажеттігін айтып, волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өтті. Президенттің айтуынша, ерікті болу – тек қоғамдық жұмыс емес, бұл Отаныңа адал қызмет ету мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президент форумға еліміздің барлық өңірінен жиналған жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады. Оның сөзінше, ниеті түзу, жаны таза жандар ғана еріктілік жолын таңдайды. Сондықтан волонтерлерді озық ойлы қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен табиғи апаттар кезінде еріктілердің ерекше белсенділік танытқанын еске салды. Мыңдаған волонтер дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп, ел бірлігінің нақты…
Шымкент қаласында Көксәйек ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру. Айта кетейік, бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын. Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына береке-бірлік…