Автор: ais_media

Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жоспарлы жұмыс жалғасуда. Соның аясында Асар-2 шағынауданында 46 отбасыға жалдамалы пәтер кілттері табысталды. Бұл пәтерлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріліп отыр. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасылар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін отбасылар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтады, бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. «Азаматтарды қолжетімді және сапалы үйлермен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Баспаналы болу – әр отбасы үшін…

Read More

Сапар аясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтті. Аталған рәсім барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Бұл қадам Қазақстанның жаһандық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын айғақтайды. Давоста өткен рәсім кезінде бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Мемлекет басшысы мен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп арасында болған қысқаша әңгімеге қатысты сауал жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны маңызды жетістік ретінде атап өтілген. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Дональд Трампқа ақыл-парасатқа негізделген ішкі…

Read More

Шымкентте жоғары технологиялы ортопедиялық оталар қолжетімді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен былтырғы жылы қаладағы медициналық ұйымдарда 600-ге жуық күрделі операция жасалған. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, бүгінгі таңда иық, тізе және жамбас буындарын қалпына келтіру оталары мен сүйек пішінінің бұзылыстарын түзету, сондай-ақ жасанды буын салу сияқты күрделі операциялар сәтті жасалуда. Оның ішінде қол-аяғы қимылсыз қалып, жамбас сүйегі зақымдалған науқастар жасанды буын салдырудың көмегімен қалыпты өмірге оралған. Хирургиялық араласулар заманауи медициналық жабдықтарды пайдалана отырып, барлық медициналық талаптарға сай орындалады. Шымкентте ортопедиялық күрделі ота жасайтын бірден -бір медициналық ұйым – бұл Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы. Емдеу мекемесінде сүйек-буын жүйесі…

Read More

Құқық саласындағы жаңашылдықтар тек азаматтардың күнделікті мәселелерін шешумен шектелмей, авторлар мен кәсіпкерлердің, тіпті борышкерлер мен өндіріп алушылардың да мүддесін қорғауға бағытталып отыр. Соның айқын дәлелі – авторлық құқық пен атқарушылық өндіріс салаларында іске асырылып жатқан жаңа цифрлық тетіктер. Авторлық құқықты қорғау бағытында ортақ цифрлық платформа іске қосылуда. Бұл жүйе арқылы шығармалардың қайда, қалай және қандай көлемде пайдаланылғаны, сондай-ақ авторларға төленген сыйақының нақты есебі жүргізіледі. Ең бастысы – төлемдердің әділ әрі ашық бөлінуі қамтамасыз етіледі. Егер автор немесе құқық иесі өз еңбегінің заңсыз пайдаланылғанын анықтаса, әділет органдарына шағымданып, тексеру жүргізілуіне бастама көтере алады. Зияткерлік меншік саласында Әділет департаменті өз құзыреті шегінде…

Read More

19 қаңтар күні православие христиандары атап өтетін Крещение Господне мерекесіне байланысты Шымкент қаласында дәстүрлі шомылу рәсімдері ұйымдастырылады. Биыл аталған іс-шара Әл-Фараби ауданындағы Қошқар Ата өзенінде өтеді. Қала әкімдігі мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, мереке кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Шомылу рәсімі тек арнайы белгіленген және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған орындарда өткізіледі. Іс-шара өтетін аумақта құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Сонымен қатар, жылыту пункттері мен алғашқы медициналық көмек көрсету орындары дайындалған. Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, 18–19 қаңтарға қараған түні департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2 бірлік…

Read More

Шымкент қаласы мен оған іргелес өңірлердің туризмді дамытуға әлеуеті зор. Қаланың тиімді географиялық орналасуы, бай тарихи-мәдени мұрасы, сакралды нысандары мен табиғи аймақтарының әралуандығы ішкі және сыртқы туристер үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Соңғы жылдары қалада туристік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп, жаңа қонақ үйлер, демалыс орындары мен сервистік нысандар іске қосылды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар туризмді экономиканың маңызды салаларының біріне айналдыруға мүмкіндік беріп келеді. Өткен жылдың тоғыз айында Шымкентке 406 мыңнан астам турист келген. Оның ішінде ішкі туристер саны 376 мыңнан асып, шетелдік туристер легі де тұрақты өсім көрсетуде. Қала аумағында 159 орналастыру орны жұмыс істеп, қызмет көрсету көлемі 10 млрд…

Read More

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту, халықты баспанамен қамту және көпқабатты тұрғын үйлердің сапалы әрі уақытылы салынуын қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй жобаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарларын талқылауға арналған арнайы жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдері қатысып, құрылыс бөлімі басшысының м.а Дәурен Мәуленов пен тұрғын үй бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының басшысы Талғат Үсенбаев баяндама жасады. Жиын барысында Отырар шағын ауданында жүзеге асырылып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы туралы баяндалды. Аталған аумақта 5 қабатты…

Read More

Ауданымызда пробация есебінде тұрған азаматтармен олардың заңды құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы Асканбеков Нұрғали Шекербекович, Сауран ауданының прокуроры Асылбеков Алмаз Әбдінұрұлы және аудан әкімінің орынбасары ретінде мен қатыстым. Іс-шара барысында қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, қоғамға бейімделу, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Read More

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті. Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты. Аталған кездесу Президент Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба аясында өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау облысынан шыққан талапкерлерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, өңірге білікті мамандар даярлау. Биыл тамыз айында университет Маңғыстау өңірінен келген талапкерлерді қабылдап, қазіргі таңда жоба…

Read More

В Шымкенте в жилом массиве «Құрсай», состоялось открытие новой электрической подстанции «Ақжар» 110/35/10 кВ мощностью 40 МВА. В мероприятии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков. Отметим, оборудование подстанции успешно прошло все технические проверки и испытания. Подача нагрузки запланирована на начало 2026 года — после завершения установки третьего автотрансформатора на подстанции «Қазығұрт» 220/110/6 кВ, что обеспечит полноценное включение «Ақжар» в энергосистему города. Запуск подстанции создаст новые возможности для подключения абонентов жилого массива «Құрсай», расширения предпринимательской деятельности и увеличения производственных мощностей предприятий индустриальной зоны «Торгово-логистический центр». Также проект повысит стабильность и бесперебойность электроснабжения благодаря дальнейшему развитию закольцовки энергосистемы города. Пресс-служба акима города…

Read More