Автор: ais_media

Шымкент қаласының Құрсай тұрғын алабында қуаттылығы 40 МВА болатын 110/35/10 кВ «Ақжар» электр қосалқы станциясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кетейік, қосалқы станцияның жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өткен. 2026 жылдың басында, 220/110/6 кВ «Қазығұрт» қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнатылған соң толық жүктеме беріледі және «Ақжар» қосалқы станциясы қаланың энергетикалық жүйесіне толыққанды қосылады. Қосалқы станцияның іске қосылуы Құрсай тұрғын алабындағы абоненттерді жаңа электр желісіне қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталық» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба нәтижесінде қаланың энергетикалық жүйесін сақиналау жұмыстарын одан әрі дамыту арқылы электр қуатымен тұрақты…

Read More

В Туркестане началась новая эра текстильной промышленности. В специальной экономической зоне «Turan» запущен хлопковый агропромышленный комплекс по производству текстильных изделий полного цикла. Свою работу начал крупный производственный комплекс ТОО «Түркістан тоқыма» (Kazakhstan Lihua), специализирующийся на прядении нитей и производстве тканей. Это событие знаменует собой важный этап в развитии легкой промышленности не только региона, но и всей страны. В торжественной церемонии принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров. Он подчеркнул, что запуск предприятия полностью соответствует стратегическим задачам по развитию обрабатывающей промышленности, поставленным Главой государства Касым-Жомартом Токаевым в Послании народу Казахстана. Аким области региона отметил, что развитие хлопкового кластера является приоритетом. Туркестан…

Read More

Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады. Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау. БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады. Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды. Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.

Read More

Сауран ауданында жастардың кәсіби, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың еңбегі мен жетістіктерін ынталандыру мақсатында «Жыл үздігі – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті. Іс-шара аясында ғылым, білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастар 19 номинация бойынша марапатталды. Салтанатты шараның ашылуында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Б.Букебаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Баймұратов сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, жастарға ізгі тілектерін білдірді. Аталған байқау жастардың әлеуетін арттыруға, олардың азаматтық белсенділігін қолдауға және қоғамдық бастамаларға ынталандыруға бағытталған.

Read More

Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті. – Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Президент ресурстарды үнемдеп пайдаланудың маңыздылығына да тоқталып, азаматтарды осы мәселеге…

Read More

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда. «Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов. Саланың стратегиялық дамуы ауқымды құрылыс кезеңімен тығыз байланысты. Елімізде әлемдік деңгейдегі ерекше мұнай-химиялық кешендер салынып жатыр. Атырау…

Read More

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл технологиялар» жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналып отыр. ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша таза энергия генерациясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 7%-нан асты, ал стансалар саны 159-ға жетті. «Биыл 266 МВт жиынтық қуатқа ие бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңа жел электр стансалары, Қызылорда және Маңғыстау өңірлерінде күн парктері пайдалануға беріліп, еліміздің энергетикалық жүйесіне нақты үлес қосуда», — деді Ерлан Ақкенженов. Сала дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші рет гигаваттық класты жел электр стансасын және энергия жинау жүйелерін салу бойынша…

Read More

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 250-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын. Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді. Мәселен, Департаментке Түркістан қаласының тұрғынының «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты арызы келіп түскен. Аталған…

Read More

Мемлекеттік қызмет істері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады. Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында Департаментке Сарыағаш қаласының тұрғынының «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызметін алуға қатысты арызы келіп түскен. Аталған мемлекеттік қызметтің тәртібі «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары…

Read More