Автор: ais_media

Впервые в Казахстане открыты универсальные комплексы экстренных служб в микрорайонах Елтай и Таскен города Шымкент. Их уникальная особенность – размещение на одной площадке противопожарной службы, скорой медицинской помощи и полиции. Проекты реализованы в рамках программы «План развития территорий» и стали примером обновления инфраструктуры, направленной на обеспечение безопасности жителей. В торжественных церемониях приняли участие министр по чрезвычайным ситуациям генерал-лейтенант Чингис Аринов, аким города Ғабит Сыздыкбеков, ветераны гражданской защиты, руководители Департамента полиции и Управления здравоохранения, личный состав Департамента по ЧС и другие почётные гости. Универсальные комплексы, построенные за счёт местного бюджета, возведены за шесть месяцев. Здесь будут нести службу до 50 сотрудников,…

Read More

Шымкент қаласында ұзақ мерзімді сақтауға арналған мүлік пен материалдық-техникалық құралдарды орналастыруға бағытталған үш кешеннен тұратын ангар типтегі  қойманың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Заманауи нысанның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері және ТЖД-ның жеке құрамы қатысты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған жаңа қойманың жалпы аумағы — 1920 шаршы метр. Берік, энергия үнемдейтін әрі заманауи бұл нысан қалалық инфрақұрылыммен үйлесімді қабысып, жабдықтар мен материалдық құралдарды жыл бойы қолайлы жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Қойманың биік күмбездері мен кең аралықтары ірі габаритті техниканы, құрылыс және өнеркәсіптік материалдарды, түрлі жабдықтарды, тауарлар мен паллеттерді орналастыруға…

Read More

Шымкент қаласында еліміз бойынша баламасы жоқ жаңа үлгідегі әмбебап жедел қызмет кешендерінің алғашқылары пайдалануға берілді. Бүгін Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Министрдің айтуынша, мұндай кешендерді құру – Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы және жедел қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жаңа модель полиция, төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндіру және медициналық жедел жәрдем бөлімшелерінің бір нысанда шоғырланып, үйлесімді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Интеграциялық тәсіл оқиға орнына жету уақытын қысқартып, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді. Елтай және Таскен шағын аудандарында ашылған модульдік кешендер осы заманауи…

Read More

В Шымкенте введены в эксплуатацию первые в стране универсальные комплексы экстренных служб нового формата, не имеющие аналогов в Казахстане. Торжественная церемония открытия состоялась сегодня в жилом массиве Елтай Енбекшинского района. В мероприятии приняли участие аким Шымкента Габит Сыздыкбеков и министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Чингис Аринов. По словам министра, создание таких комплексов является прямым поручением Главы государства и важным шагом на пути повышения эффективности экстренных служб. Новая модель позволяет объединить в одном месте подразделения полиции, службы чрезвычайных ситуаций, пожарной охраны и скорой медицинской помощи, обеспечив их скоординированную совместную работу. Интегрированный подход сокращает время прибытия на место происшествия и усиливает…

Read More

Жиын соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды. Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды. «Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды. Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Бұл отандық бизнестің қоғам игілігі үшін аянбай адал қызмет етуге дайын екендігін көрсетеді. Осында отырған әр азаматтың…

Read More

«Қазір әлемде болып жатқан үдерістерді бәріңіз де көріп-біліп отырсыздар. Геоэкономикалық ахуал өте құбылмалы әрі бұлыңғыр. Осындай кезеңде бизнес өкілдерінің жасампаздық, отаншылдық қасиеттері айқын көрінеді. Мұндай уақытта кәсіпкерлеріміздің табанды еңбегі және ел болашағына деген зор сенімі аса маңызды екені анық. Түптеп келгенде, сапалы өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету – бәсекеге қабілетті болу және ең бастысы, еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу деген сөз. Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге, ұлттық буржуазиямызға, соның ішінде, ең алдымен, осы залда отырған бизнес қоғамдастықтың өкілдеріне шынайы құрметпен қараймын. Сіздердің қабілеттеріңізге, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріңізге сенемін. Сіздер мемлекетіміздің игілігі, экономикалық әлеуеті үшін табанды еңбек етіп келе жатқан Қазақстанның…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты «Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Біз биыл да қалыптасқан дәстүрге сай «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және…

Read More

Бұл жоба өңірдегі ірі әрі стратегиялық маңызы бар инвестициялық бастамалардың бірі болып саналады. Аталған инвестициялық жоба жоғары сапалы қаптамалық материалдармен ішкі нарықты қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыттың өнімі беріктігімен, эстетикалық дизайнымен және экологиялық қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Неліктен бұл жоба маңызды? Қазақстанда жасалған сапалы керамогранит; Жүздеген жаңа жұмыс орны; Өңір экономикасының дамуына үлес; Құрылыс саласы үшін қолжетімді және сапалы өнім. Шымкент өңірі керамогранит шығаратын ірі орталықтардың біріне айналмақ.

Read More

Қалада цифрландыруды дамыту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында SMART SHYMKENT 2025 бастамасы аясында келесі жобалар жүзеге асырылмақ: Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы – заңсыз құрылыстарды, өрт қауіпсіздігін және қала тазалығын бақылау. «Ақылды» есептегіштерді енгізу – көппәтерлі үйлерде су, жылу және электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу. Экологиялық мониторинг жүйесі – ауа сапасын өлшейтін датчиктерді бірыңғай басқару жүйесіне интеграциялау. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі – қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірыңғай бақылау жүйесі. ЖИ-терапевт – жасанды интеллект негізінде шағымдарды тіркеп, алдын ала ұсынылатын диагноз қалыптастыру. ЖИ негізіндегі автоматты қоңырау шалу қызметі – пациенттерге автоматтандырылған хабарласу жүйесі. CerebraAI – инсультті ерте кезеңде анықтауға арналған жасанды интеллект…

Read More

Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Айкөл» тұрғын алабының тұрғындарымен бірге ауызсу жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты. Жоба тұрғындармен өткен көшпелі кездесу нәтижесінде жүзеге асып отыр. Кездесу барысында тұрғындар шағынауданды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін атап өткен болатын. Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры желісі жүргізілді. Нәтижесінде 38 абонентке — тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға толыққанды ауызсу жеткізілімі қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Шымкент қаласының тұрғыны Назым Қалыбекова: «Су қосылды, барлығына рақмет. Енді бәрі жақсарады деп үміттенеміз. Мүмкін, бау-бақша егіп, жеміс-жидек өсіруді де қолға алармыз», — деп өз…

Read More