Микрорайон «Кызылжар-2» в Шымкенте полностью подключен к полноценной инженерной инфраструктуре В микрорайоне «Кызылжар-2» Абайского района города Шымкента окончательно решена проблема дефицита инженерной инфраструктуры, которая была актуальной в течение нескольких лет. Напомним, этой весной на выездной встрече акима мегаполиса с жителями население этого микрорайона назвало нехватку питьевой воды, нестабильное электроснабжение и отсутствие природного газа самыми острыми социальными проблемами. Глава города дал срочное поручение соответствующим структурам и поставил задачу в кратчайшие сроки обеспечить подведение коммуникационных сетей в микрорайон. Таким образом в апреле 2024 года началось строительство инженерных сетей на территории «Кызылжара-2». Проектные работы проводились на улицах Алкап, Ордакент, Нурлыкент, Сыганак, Теренозек и…
Автор: ais_media
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде мегаполис әкімінің тұрғындармен өткен көшпелі кездесуінде осы аумақтың халқы ауыз судың жетіспеушілігі, тұрақсыз электр қуаты және табиғи газдың жоқтығы ең өзекті әлеуметтік проблема екенін атап өткен болатын. Тұрғындар көтерген мәселе бойынша қала әкімі тиісті құрылымдарға шұғыл тапсырма беріп, инфрақұрылым желілерін қысқа мерзімде жеткізуді міндеттеді. Сөйтіп 2024 жылдың сәуір айында Қызылжар-2 аумағында инженерлік желілердің құрылысы басталды. Жоба Алқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Теренөзек және Көлкент көшелерін толық қамтуды көздеді. Жобаның бірінші кезеңінде ең қажетті коммуникациялар — ауыз су құбыры, электр…
Сауран ауданында Заң мен тәртіп қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған «Жемқорлыққа қарсы күресті өзімнен бастаймын» атты эссе байқауының қорытынды рәсімі өтті. Іс-шара Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сергали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Байқаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар эссе арқылы өз ұстанымдарын, ой-толғамдарын және қоғамға пайдалы ұсыныстарын ортаға салды. Шараның ашылуында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің м.у.а. М. Қалеке сөз сөйлеп, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Ол жемқорлыққа қарсы әрекет әрбір мемлекеттік қызметкердің өзінен басталатынын, адал қызмет ету…
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі және «Сергали-Түркістан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Заң мен тәртіп қағидаты аясында ауданның белсенді жастары арасында «Адал көшбасшы» тақырыбында дебат өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ету. Дебатқа аудан жастары мен жас ұстаздар қатысып, адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қарсы тараптың уәжіне дәлелді жауап беріп, ойларын нақты әрі жүйелі түрде жеткізді. Іс-шараны Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің м.у.а. М.Қалеке ашып, дебаттың мақсаты мен тәртібіне тоқталды. Ол жастарды заң мен тәртіпті сақтау, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, жаңа жобаларға қолайлы жағдайлар, қолдау тетіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты баяндады. Облысқа арнайы шақыртуды қабылдап келген инвесторларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті. Кездесу барысында облыс әкімі ҚХР Сауан қаласынан арнайы келген делегацияны да қабылдады. Делегация мүшелерімен бірге Сауран ауданының әкімі де қатысып, екі өңір арасындағы ықпалдастықты арттыру, ауыл шаруашылығы, туризм және өндіріс салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Энергетика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, IT, білім беру және медицина салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға баса назар аударылды. – Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті екі ел арасында барлық…
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен екі ел басшылары арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанды бауырлас мемлекет және сенімді стратегиялық әріптес екенін атап өтті. Ол екі елді ғасырлар бойы қалыптасқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет байланыстыратынын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, серіктестіктің ауқымы мен сапасына жоғары баға берді. Сонымен қатар алдағы кезеңде жаңа міндеттерді бірлесіп шешудің маңыздылығын жеткізді. Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс білдірді. Ол қазақ халқына көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын…
Сауран ауданында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Сауан қаласының ресми делегациясымен кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты — екі өңір арасындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік бағыттағы әріптестікті нығайту, жаңа бастамаларды талқылау және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев жүргізіп, делегация мүшелеріне Сауран ауданы атынан қатысып отырған басшыларды таныстырды. Атап айтқанда, жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағымбек Асылбеков, депутаттар Ислам Намуратов пен Ержан Мустапаев, сондай-ақ бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің негізгі бөлігінде сөз…
Сауан қаласынан келген делегация мүшелері Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өндірістік парк нысандарын аралап, өңірдің индустриялық әлеуетімен танысты. Қонақтарға ауданның жетекші кәсіпорындарының жұмысы көрсетілді. Сапар барысында делегация жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін «BNK Group» серіктестігінің өндірістік цехтарын көрді. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен әріптестік аясында «BNK IRRIGATION» брендімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналарды шығарады. Бұл жоғары технологиялық жабдық ауыл шаруашылығын заманауи әрі үнемді тәсілмен дамытуға мүмкіндік береді. Шара жалғасы ретінде Сауанның делегация мүшелері «Aqniet Holding» кәсіпорнының өндіріс алаңында болды. Компания білім беру ұйымдарына арналған жиһаз өндірумен айналысады және соңғы үш жылда 50-ге жуық мектепті қажетті жабдықтармен қамтамасыз еткен. Қазіргі…
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы және Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салуға арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы; 4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі мен Армения Республикасы Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы…