Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі. «Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағыттарындағы жобаларды іске асыруға арналған. Кластердің архитектурасы жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған. Alem.Cloud суперкомпьютері…
Автор: ais_media
Сауран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған қорытынды іс-шара өтті. Шара қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға, этностар арасындағы достық пен келісімді дәріптеуге бағытталды. Іс-шараның негізгі мақсаты — еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда Ассамблеяның маңызды рөлін кеңінен насихаттау. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев пен аудан прокуроры Алмаз Асылбеков сөз сөйлеп, Ассамблея аясында биыл атқарылған жұмыстардың этносаралық татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Сахнада ынтымақ пен бірлікті бейнелейтін көрініс қойылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Бағдарлама барысында облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары Арслан Раматуллаев пен Хуршид Шарапов құттықтау…
Кездесудің негізгі мақсаты — Қазақстан мен Иран арасындағы инвестициялық және экономикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында өзара тиімді жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру болды. Тараптар бірлескен өндіріс орнын ашу, тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру бағыттарында ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Нәтижесінде «Shymkent Invest-Front Office» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтіп, өңірлік экономикалық дамуға серпін бермек. Шымкент -инвесторларға қолайлы қала!
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады. Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген. Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітілді.…
Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Медиация – татулықтың тірегі» атты облыстық форум өтті. Шара қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиын мақсаты — қоғамда бейбітшілік пен келісім мәдениетін дамыту, дау-жанжалды сотқа жеткізбей, өзара түсіністік пен мәміле арқылы шешудің тиімді жолы ретінде медиация институтын насихаттау. Форумды Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл жүргізіп отырды. Сондай-ақ, жиынға «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, медиатор, А.Ясауи атындағы ХҚТУ PhD докторанты Айгүл Елібаева, кәсіби медиатор Людмила Бондаренко мен «Отбасы қолдау орталығының» директоры…
Шымкент қаласында қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою және олардың салдарын жою мақсатында екі күн бойы қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар «Қыс-2025» өткізілді. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру, төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету әдістерін пысықтауға бағытталды. Оқу-жаттығулардың басты міндеті — қала аумағында қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайларға жедел ден қою және олардың салдарын жою іс-шараларын пысықтау болды. Өткен жылдардағы төтенше жағдайларды талдай отырып, арнайы назар су мен энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі ықтимал апаттар мен автожолдардағы кептеліс жағдайларын жоюға бөлінді. Оқу-жаттығулардың бірінші күні халықты хабардар ету іс-шаралары өткізілді. Қала бойынша «Баршаның назарына!» дабылы беріліп, ақпарат сандық және кабельдік теле-радио…
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің стратегиялық сипатына тоқталды. Атап айтқанда, тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту шаралары қабылданып, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел үкіметтері логистикалық тізбектің барлық қатысушысына оңтайлы жағдай туғызып, инфрақұрылымдық, нормативтік және институционалдық міндеттерді шешуі қажет деп санайды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын, Солтүстік – Оңтүстік дәлізін, сондай-ақ Ауғанстан арқылы теміржол бағытын дамыту аясындағы тиімді ықпалдастықты жалғастыру өзекті екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек тарапын…
– Өзара ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануды құптаймыз. Сондықтан осы бағытта табанды еңбек етуге дайын екенімізді айттық. Ең әуелі, сауда-экономика саласына ерекше мән беру керек. Сауда-саттықты дамыту үшін өсімнің тың мүмкіндіктерін іздеу, тауарлар номенклатурасын кеңейту және шикізаттық емес экспортты ынталандыру шараларын қабылдау қажет. Осы орайда Өзара тауар айналымын арттыру бағдарламасын сапалы жүзеге асыру маңызды. Бүгін құрылатын Өңір басшылары кеңесін, сондай-ақ Іскерлік кеңес пен «UzKazTrade» бірлескен сауда компаниясы секілді басқа да екіжақты механизмдердің жұмысынан нақты нәтиже күтеміз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым саудадан гөрі ет, бидай, майлы дақылдарды өңдеудің толық өндірістік…
Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдіріп, сапарының басты мақсаты – қос халықтың достығын нығайтып, тату көршілік байланыстарын күшейту, сондай-ақ түрлі саладағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту екеніне назар аударды. – Құрметті Шавкат Миромонович, Өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында еліңізде көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін маңызды бастамалар қолға алынды. Өзбекстан – біз үшін туыстас, ағайын ел, тату көрші әрі сенімді серіктес. Қос ел арасындағы достықтың тамыры терең, халықтарымыздың рухани құндылықтары ортақ деуге болады. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып…
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.