Түркістан облысында туризмді дамыту, туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын қамту жұмыстары ұдайы жалғасып келеді. Бүгін М-32 «Самара – Шымкент» автомобиль жолының бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. 2056 шақырымдағы жол айрығы «Самара– Шымкент-Орал-Ақтөбе-Қызылорда» қалаларына бағытталады. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады. – Бүгін өңіріміз үшін үлкен маңызға ие инфрақұрылымдық жоба – республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс жолы пайдалануға берілмек. Бұл нысан – тек жол инфрақұрылымының жаңаруы ғана емес, тарихи-туристік «Сауран археологиялық-сәулеттік кешеніне» кіреберіс пен шығаберісті айтарлықтай жеңілдетіп, жол қозғалысының…
Автор: ais_media
Шымкентте соңғы жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, биыл еңбекке қабілетті жастарды жұмыспен қамту көрсеткіші екі есеге артқан. Бұл – жүйелі жоспарлау мен еңбек нарығын нақты талдаудың нәтижесі. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жылдың басынан бері Шымкентте 30 мыңнан астам жас түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылған.
Елімізде соңғы жылдары ауқымды реформалар жасалуда, мемлекеттік басқарудың саяси жүйесі түбегейлі өзгеруде. Бұл ретте, осы бастамалардың сапалы жүзеге асыуы – Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді адал және әділ атқаруына тікелей байланысты. Өткен жылы, Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметтің беделі мінсіз болу керектігі көрсетілген. Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығына қатысты тиісті нормативтік – құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес, енді мемлекеттік қызметші қазіргі уақытта басқа мемлекеттік лауазымда болса да, бұрынғы қызмет орнында жасаған тәртіптік бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл өзгерістердің мақсаты – жауаптан жалтару мүмкіндігін…
Бүгін аудан прокурорының бастамасымен Болашақ прокурорлар клубы құрылды. Клубтың құрылу іс — шарасы Шорнақ ауылындағы «А.Байтұрсынұлы» атындағы мектепте ұйымдастырылды. Шараға аудан прокуроры Алмаз Әбдінұрұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Әшірбекұлы, білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқушылар қатысты. Шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп жатқандығын және тәртіпке бағыну қажеттігі жөнінде сөз сөйлеп, оқушыларды жақсы оқуға, білімді болуға, заң мен тәртіп қағидаты аясында атқарылып жатқан шараларға белсенді қатысу қажеттілігі туралы жеткіздім.
Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында бу құбырын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның мердігері – «Отау Строй» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы қараша айында басталып, нысанды 2026 жылы толық аяқтау жоспарланған. Бу құбырының жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайды. Жоба индустриялық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аймақта орналасқан кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттыруға бағытталған. Құрылыс барысында диаметрі 108 мм және 325 мм болат құбырлар қолданылуда. Жаңа бу желісі индустриялық аймақтағы кәсіпорындарды қажетті технологиялық параметрлерге сәйкес бумен қамтамасыз ететін болады. Бұл өндіріс орындарының үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сауран ауданы аумағында биыл өндіріс саласы қарқынды дамуда. Жыл басынан бері 124 өндірістік жоба құрылысты бастап, оның 35-і жыл соңына дейін толық аяқталды. Бұл көрсеткіш аудан экономикасының өсуіне, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етіп отыр. Өндірістік жобалардың басым бөлігі Шаға, Иассы, Қарашық, Жүйнек және Үшқайық ауылдық округтерінде жүзеге асуда. Бұл аймақтар өндіріс орналастыруға қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Аудан аумағындағы өндіріс бағыттары да айқын әрі сан салалы. • Құрылыс материалдары шығаратын – 36 цех; • Жиһаз өндірісі – 35 цех; • Азық-түлік өнімдерін өндіру – 25 цех; • Резеңке және пластмасса бұйымдарын өңдеу – 8 цех; •…
В рамках рабочей поездки в город Шымкент Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Чингис Аринов посетил специализированную пожарную часть №1, прошедшую капитальный ремонт. Подразделение размещено в этом здании с 2015 года, а после капитального ремонта получило современную инфраструктуру и улучшенные условия для службы личного состава. Специализированная пожарная часть №1 обеспечивает безопасность жителей Абайского и Каратауского районов. В подразделении сегодня несут службу 116 пожарных-спасателей. Капитальный ремонт, начавшийся в июне 2025 года, включил полное обновление четырёхэтажного здания: проведены внутренние ремонтно-отделочные работы в учебных классах, душевых, столовой, комнатах отдыха и служебных помещениях. Полностью заменены инженерные сети, выполнены внешние отделочные работы. Подразделение оснащено современной…
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов күрделі жөндеуден өткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Бөлім 2015 жылдан бері осы ғимаратта орналасқан. Күрделі жөндеуден кейін мұнда заманауи инфрақұрылым қалыптастырылып, жеке құрамның қызметін сапалы атқаруына қолайлы жағдай жасалды. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі Абай және Қаратау аудандарының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта бөлімде 116 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет атқарады. 2025 жылдың маусымында басталған күрделі жөндеу жұмыстары төрт қабатты ғимаратты толық қамтыды: оқу сыныптары, жуыну бөлмелері, асхана, демалыс бөлмелері мен қызметтік кабинеттерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Инженерлік желілер толығымен ауыстырылып, ғимараттың сыртқы әрлеуі де жаңартылды. Бөлім…
Қазақстанда алғаш рет Шымкент қаласының Елтай және Таскен шағын аудандарында әмбебап жедел қызметтер кешендері ашылды. Олардың бірегей ерекшелігі – бір аумақта өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерінің орналастырылуы болып табылады. Жобалар «Аумақтарды дамыту жоспары» аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымды жаңартудың жарқын үлгісі болды. Салтанатты ашылу рәсімдеріне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері, Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, ТЖ департаментінің жеке құрамы және өзге де құрметті қонақтар қатысты. Жергілікті бюджет есебінен салынған әмбебап кешендер алты айдың ішінде бой көтерді. Мұнда 50-ге дейін қызметкер еңбек…
В Шымкенте завершено строительство и введёны в эксплуатацию три комплекса складов ангарного типа, предназначенные для имущества длительного хранения и материально-технических средств. В церемонии открытия современного объекта приняли участие Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, генерал-лейтенант Чингис Аринов, аким города Габит Сыздыкбеков, ветераны гражданской защиты и личный состав ДЧС. Новый склад, возведённый за счёт средств местного бюджета, имеет общую площадь 1920 квадратных метров. Современное, прочное и энергоэффективное сооружение органично вписывается в городскую инфраструктуру и обеспечивает комфортные условия хранения оборудования и материальных средств в течение всего года. Высокие своды и широкие пролёты позволяют размещать крупногабаритную технику, строительные и промышленные материалы, оборудование, товары…