Президентіміз «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет», — деген болатын. Осы мақсатта Түркістанда қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институты ашылған болатын. Ислам институтының оқу ғимаратының жалпы алаңы 1250 шаршы метрді құрайды. Мұнда 90 орындық оқу ғимараты мен 40 орындық кітапхана бар. Сонымен қатар жалпы аумағы 1250 шаршы метр болатын жатақхана ғимараты салынып, 45 орындық асхана қарастырылған. Айта кетейік, бүгінде облыста 745 мешіт және 1400-ден астам дін қызметкері жұмыс атқаруда. #turkistan
Автор: ais_media
Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің бірегей үлгісі, түрлі этностарды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастырып отырған маңызды қоғамдық институт. Бұл құрылым қоғамдағы келісім мәдениетін жүйелі түрде қалыптастырып, азаматтық бірегейлікті күшейтуге, ортақ мақсатқа жұмылдыруға қызмет етеді. Ассамблеяның бастамалары білім беру, мәдениет, жастар саясаты, ақпараттық кеңістік және медиация салалары арқылы күнделікті өмірдің әр қырында көрініс табады. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанда әрбір этностың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі сақталып, дамуына толық мүмкіндік жасалған. Бұл – мемлекет жүргізіп отырған парасатты әрі салмақты саясаттың айқын нәтижесі. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы саясаттың қоғамдағы нақты көрінісі десек, артық айтқандық емес. Елдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау, тіл курстарын ұйымдастыру,…
Бір шаңырақ астындағы татулық – ұлттың рухани өзегі, мемлекеттіліктің берік іргесі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қоғамының ең басты жетістіктерінің бірі – этносаралық және конфессияаралық келісім мәдениетін қалыптастыру. Бұл – тек бейбіт өмір сүру талабы ғана емес, өркендеудің, тұрақты дамудың және ұлт сапасын арттырудың басты шарты. Қоғамдық келісім – бір реттік науқан емес, үнемі жаңара түсетін әлеуметтік келісім-шарт. Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) рөлі айрықша: ол құндылықтарды жүйелі түрде жаңғыртып, мемлекеттік саясат пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығын үйлестіреді. Қоғамдық келісімнің тарихи-мәдени негізі. – Бір шаңырақ тұжырымы. Қазақ дүниетанымындағы «шаңырақ» ұғымы – бірліктің, сабақтастықтың және ортақ үйдің символы. Бұл метафора этникалық әралуандықты қарсы…
Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті. – Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет. Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені…
В городе Шымкент поэтапно реализуются меры по обеспечению жильем граждан, относящихся к социально уязвимым слоям населения. Сегодня в микрорайоне Туран 24 семьи, состоящие в очереди на жилье, получили ключи от арендных квартир из коммунального жилищного фонда. Среди новоселов — многодетные и неполные семьи, лица с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, а также дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей. В церемонии вручения ключей принял участие аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков, который поздравил жителей с долгожданным событием. В своем выступлении глава города отметил, что работа по обновлению жилищного фонда, повышению благосостояния населения и формированию комфортной городской среды является одним…
Шымкент қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Тұран шағынауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасы коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды. Жаңа қоныстанушылардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде тұрғын үй қорын жаңарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру қала әкімдігінің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Айта…
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырыста болашақтағы мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бірқатар маңызды бастамалар көтерілді. Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі жан-жақты талқыланды. Жұмыс тобы заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізуді ұсынды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны пысықталса, үшінші оқылымда оның заңнамалық тұрғыдан дұрыстығы қамтамасыз етіледі. Бұл – сапалы әрі жауапты заң қабылдауға мүмкіндік беретін қадам. Сонымен қатар, заң шығару үдерісінің үздіксіздігін сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Парламент жұмыс істемейтін кезеңдерде заң шығару функциясын Президентке жүктеу ұсынысы көтерілді. Бұл…
Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойымен бөлісті. Депутаттың пікірінше, Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес. Мұндай өзгеріс – ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам. – Мемлекет басшысы да преамбулада ұлттық құндылықтарды негізге алу қажеттігін нақты атап өтті. Қазақ даласынан бастау алатын өркениет пен мемлекеттілік дәстүрінің сабақтастығын айқын көрсету, Қазақстанның Ұлы даладағы тарихи мемлекеттердің мұрагері екенін нақты бейнелеу маңызды екеніне ерекше мән берді. Сондықтан Конституциялық реформа аясында келіп түскен барлық ұсыныстарға үстірт емес,…
Жиын барысында Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады. Вице-Президент: – Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді; – Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады. Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады. Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге…
В Шымкенте продолжается планомерная работа по обеспечению населения жильём. Очередным шагом стало вручение в микрорайоне «Асар-2» ключей от арендных квартир 46 семьям. Отметим, квартиры предоставлены из коммунального жилищного фонда города гражданам, состоящим в очереди из числа социально уязвимых слоёв населения. Среди получателей — лица с инвалидностью, неполные семьи, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, многодетные семьи, а также дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей. В торжественной церемонии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков. Глава мегаполиса поздравил новосёлов с важным событием и подчеркнул системный характер проводимой работы. «Обеспечение граждан доступным и качественным жильём является одним из приоритетных направлений государственной политики.…