Қазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды. Мемлекет басшысы Президент Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарттар жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды. Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады. Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті. – Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық…
Автор: ais_media
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы рөліне айрықша тоқталып, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп бағалады. – Сіз жүргізіп отырған парасатты және батыл саясатты бүкіл әлем қолдауға лайық деп санаймын. Мен де Сіздің ұстанымдарыңызды қуаттаймын. Сіздің жетекшілігіңізбен Америка алтын дәуірге қадам басты. Біз «Американы қайтадан ұлы елге айналдыру» (Making America Great Again) деп аталатын көреген тұжырымдамаңызды жоғары бағалаймыз. Бұл мақсат «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті, Қуатты Қазақстан құруды…
– Қазақстан мен АҚШ арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуды ұдайы қолдап келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Ақ үйде Президент лауазымын атқарған алғашқы кезеңде біздің қарым-қатынасымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңнамалық тұрғыдан бекіді. АҚШ – Қазақстанға 100 миллиард доллардан аса қаржы салған ең ірі инвесторымыз, экономикамыздың қозғаушы күші саналады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 5 миллиард доллар межесіне жуықтады. Америкадағы уранға сұраныстың шамамен 25 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания бизнес жүргізеді, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында екі ел компаниялары жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасасқанын айтты. Жалпы, Қазақстан…
Әзімбек Пазылбекұлы қаланың инфрақұрылымдық дамуы мен абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар нысандарды аралады. Аралау барысында қала басшысы алдымен Арнайы экономикалық аймақ аумағында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 306 жарық бағанасы, 230 автотұраққа арналған жарық шамы және 191 жол белгісі орнатылуда. Сонымен қатар жол инфрақұрылымын толық қамтамасыз ету бағытында инженерлік жүйелерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қала басшысы мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапасын қатаң бақылауға алуды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Әзімбек Пазылбекұлы Бекзат шағын ауданында орналасқан өндірістік парк аумағындағы құрылыс нысанында болды. 20 гектар аумақта жүзеге асырылып жатқан бұл жоба…
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын. Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын дайындады. Тұжырымдамалық құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты.…
2025 жылы Қазақстан экономикасы сенімді өсім көрсетуде — ЖІӨ 6,3%-ға артты. Бірақ экономикалық көрсеткіштер ең алдымен адамдардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінімен маңызды. Соңғы жылдары еліміз айтарлықтай жанданды. Ішкі туризм 40%-ға өсіп, 10,5 миллион адамға жетті. Шетелге шыққан қазақстандықтардың саны үш есеге артты. Авиа және такси тасымалы да көбейді: таксимен жүрген жолаушылар саны 2018 жылғы 54,3 миллионнан 2024 жылы 73,3 миллионға дейін өскен – бұл 35% өсім. Азаматтардың әл-ауқатының артуы тұрғын үй нарығында да байқалады: 2020–2024 жылдары 1,1 миллионнан астам адам өз баспанасына ие болды. Бұл – табыстың өсуі мен еркіндіктің көрсеткіші. Қазақстандықтардың өмір сапасы да жақсарып келеді: тамақтану мәдениеті…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс» деген сөзі – еліміздің стратегиялық даму бағытын айқындайтын маңызды бағдар. Бұл бастама Қазақстанның әлемдік инновациялық кеңістікке енуін және жаңа технологияларға негізделген экономиканы қалыптастыруды көздейді. Жасанды интеллект технологияларын денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қаржы және ауыл шаруашылығы салаларында қолдану – экономикалық өсімді жеделдетіп, басқару жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтереді. Сонымен қатар, бұл бағыттағы реформалар елдің жаһандық технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Президент бастамасымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» және «Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобалары – еліміздің инновациялық дамуының негізін қалады. Алдағы жылдары Қазақстан интеллектуалды…
В Послании Президента Касым-Жомарта Токаева от 8 сентября 2025 года особое внимание уделено вопросам цифровизации и внедрению искусственного интеллекта. Глава государства подчеркнул, что данные направления должны стать ключевыми факторами устойчивого и поступательного прогресса нашей страны. Цифровая трансформация призвана повысить эффективность государственного управления, создать условия для инновационного развития экономики и укрепить позиции Казахстана на международной арене. #ЦифровизацияКазахстана #ИскусственныйИнтеллект #РазвитиеСтраны #ПосланиеПрезидента #КасымЖомартТокаев
Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Іс-шара барысында жаһандық жоғары білім беру кеңістігінің өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігінің президенті және негізін қалаушы Нунцио Кваккарелли еңбек нарығына жасанды интеллекттің ықпалы туралы айта келе, QS рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының көбеюін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан интернационалдандыру мен ғылыми бәсекеге қабілеттілік бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп отыр. Сондай-ақ еліміздің бес университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Нунцио Кваккареллидің айтуынша, QS Қазақстанмен болашақ мамандықтарды болжау моделін құру және білім мен инновацияға негізделген экономиканы дамыту…
Мемлекет басшысының қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық және жаһандық білім беру экожүйесін терең түрлендіруге бағытталған нақты шаралар туралы баяндама жасады. Министрдің айтуынша, Қазақстанда шетелдік университеттердің 40 филиалынан тұратын желі құрылуда. Олардың 85 пайызы жоғары технологиялық бағыттарға – жасанды интеллект, компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, ядролық физика және басқа да сұранысқа ие салаларға бағытталған. Бұл бастама халықаралық деңгейдегі сапалы білімді ел ішінде алуға мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға және академиялық туризмді дамытуға жол ашады. Бүгінгі таңда елімізде 31 500 шетелдік студент білім алуда. Бұл…