31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді! Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді. Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз. Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Автор: ais_media
31 октября в Шымкенте пройдет республиканская акция «НАРОДНЫЙ ЮРИСТ» организованная прокуратурой города! В рамках акции «Народный юрист» каждый желающий сможет получить бесплатную юридическую консультацию и напрямую обратиться к представителям государственных органов. Акция состоится 31 октября в 17:00 часов в выставочном центре «Көрме». Государственные органы, лучшие юристы и адвокаты будут вести прием граждан и консультировать население по любым правовым вопросам. Вход свободный. Для получения более полных и точных рекомендаций приносите с собой документы по вашему делу. Адрес: проспект Н.Назарбаева, №12. Организаторами мероприятия выступают: прокуратура, департамент юстиции города Шымкент, органы государственной власти, сетевое издание Zakon.kz, информационная система «Параграф», Республиканская коллегия адвокатов, лучшие…
Мемлекет басшысы Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббқа сый-құрмет көрсетті. Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында Финляндия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Протокол тәртібіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді. – Сіздің сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан…
В честь Дня Республики в третьем мегаполисе страны для жителей и гостей города были организованы масштабные культурные, спортивные и духовные мероприятия. Главным украшением праздника стал яркий Фестиваль воздушных змеев, раскрасивший небо Шымкента всеми цветами радуги. Фестиваль, организованный городским акиматом, был направлен на развитие культуры семейного отдыха, повышение творческого потенциала молодежи и популяризацию активного досуга на открытом воздухе. В центральных парках города разноцветные воздушные змеи самых разных форм устремились в небо, создавая атмосферу радости и вдохновения. Дети и родители с удовольствием запускали змеев, наслаждаясь праздничным настроением и совместным отдыхом. В рамках программы состоялись соревнования по запуску воздушных змеев, мастер-классы для детей,…
Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды. Қала әкімдігі ұйымдастырған фестивальдің мақсаты — отбасылық демалыс мәдениетін дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ашық аспан астында белсенді демалысты насихаттау болды. Қаланың орталық саябақтарында өткен шарада түрлі пішіндегі және түстердегі батпырауықтар аспанмен тілдесіп, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ата-аналар бірге батпырауық ұшырып, ұмытылмас сәттерге куә болды. Фестиваль аясында батпырауық ұшыру жарыстары, балаларға арналған шеберлік сабақтары, сабын көпіршіктер шоуы мен анимациялық қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ диджейлер мен бишілердің қатысуымен өткен концерттік…
Республика күні мерекесі аясында Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі – асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс – екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирінің финалы жоғары деңгейде өтті. Биылғы турнирге республиканың барлық өңірінен келген 40 үздік спортшы қатысып, бақтарын сынады. Ұлттық ойынға арналған бұл дода спортшылар мен көрермендерді, сондай-ақ құрметті қонақтарды біріктіріп, нағыз ұлттық рухтың мерекесіне айналды. Финалдық ойындармен қатар, концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен өткізілген шеберлік сабақтары мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтардың қызығушылығын тудырды. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының президенті Олжас Құспеков турнирдің ашылуында ұлттық спорттың маңыздылығына тоқталып өтті. «Бүгін асық ойыны арқылы…
В рамках празднования Дня Республики в Шымкенте состоялся финал второго республиканского турнира «Respublica Asyq Atu» — крупнейших в стране соревнований по одному из древнейших национальных видов спорта Казахстана — асык ату. В этом году турнир собрал 40 сильнейших игроков из всех регионов страны. Масштабное спортивное событие объединило спортсменов, зрителей и почётных гостей, превратившись в настоящий праздник национального духа и единства. Помимо финальных игр, зрителей ожидала концертная программа и мастер-классы по национальным видам спорта, которые вызвали большой интерес у тысяч жителей и гостей города. Председатель Федерации асык ату Республики Казахстан, депутат Мажилиса Парламента РК Олжас Куспеков, открывая турнир, отметил важность сохранения…
25 қазан күні Шымкент қаласының «Астана» алаңы ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды. Таңертеңнен бастап алаңға келген тұрғындар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күй қарсы алды. Көк туды қолына ұстаған жасөспірімдер, ұлттық киімдегі өнерпаздар, күмбірлеген күй мен әуелеген ән — бәрі де тәуелсіздік мерекесін атап өтудің белгісі болды. Алаңда театр ұжымдарының қойылымдары, ұлттық салт-дәстүрге негізделген көріністер, дәстүрлі әншілердің шеруі және отандық баспа үйлерінің ұйымдастырған кітап жәрмеңкелері өтті. Әрбір қойылым мен ән — елдің рухани байлығы мен мәдени көптүрлілігін паш етті. «Шымкент циркі» көрермендерге…
25 октября центральная площадь «Астана» в Шымкенте наполнилась особым праздничным настроением. Масштабное народное мероприятие, посвящённое Дню Республики, собрало жителей и гостей города на одной площадке, став настоящим праздником единства, радости и гордости за страну. С самого утра горожан и гостей встречала атмосфера праздника. Подростки с флагами в руках, артисты в национальных костюмах, звучание домбры и народных песен — всё символизировало торжество независимости и сплочённости народа. На площади прошли театральные постановки, инсценировки, основанные на национальных традициях, шествие исполнителей народных песен, а также книжные ярмарки, организованные отечественными издательствами. Каждое выступление и каждая композиция отражали духовное богатство и культурное разнообразие Казахстана. «Шымкент цирк»…
Шымкент қаласында 25 қазан — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қаладағы Шымсити шағын ауданында орналасқан Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл шара ел бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтап, ерекше мерекелік рух сыйлады. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Сол сәтте көк байрақ қырандай қалықтап, биік тұғырда желбіреді. Бұл көрініс ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, мемлекет мәртебесінің айқын символына айналды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Жиын…