Автор: ais_media

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Форум білім және ғылым саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайту мен жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға арналды. Іс-шара барысында стратегиялық серіктестер кеңесінің құрылғаны атап өтілді. Кеңес институционалдық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және ортақ міндеттерді бірлесе шешуге бағытталған. Бүгінгі күнге дейін Кеңестің үш отырысы өткізілді. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) ректоры Анатолий Торкунов Қазақстанның Ресей үшін білім саласындағы сенімді серіктес әрі одақтас екенін айтты. Ол Астанада ММХҚИ филиалының ашылуының стратегиялық маңызын атап өтіп, бұл бастама біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру мен болашақ…

Read More

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды. Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті: «Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!» Сондықтан бүгін осында барлық…

Read More

Сегодня в городе Шымкент состоялась республиканская акция «Народный юрист», направленная на повышение правовой грамотности населения и оказание гражданам бесплатной юридической помощи. В мероприятии приняли участие прокурор города Шымкента Габит Муканов, заместитель акима города Сарсен Куранбек, представители сорока двух государственных и правоохранительных органов, а также частные судебные исполнители, нотариусы, адвокаты и специалисты коммунальных предприятий. Кроме того, при поддержке молодежи города в акции приняли участие волонтерские организации. Посетители получили бесплатные юридические консультации от ведущих специалистов и смогли получить конкретные ответы на волнующие их вопросы. Проект «Народный юрист» сегодня стал востребованной и эффективной площадкой для повышения правовой грамотности и оказания правовой поддержки гражданам.…

Read More

Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді. Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс, Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Ол балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді. Премьера аясында балалар үшін…

Read More

В Центральном парке города Шымкента состоялась премьера анимационного фильма «BalaZan – с детства по пути закона», созданного по инициативе городского департамента полиции при поддержке акимата города. Первый эпизод мультфильма был показан под открытым небом на большом LED-экране, и мероприятие собрало более 500 детей. Проект направлен на формирование правовой культуры подрастающего поколения, профилактику правонарушений среди несовершеннолетних и продвижение идеологии «Закон и Порядок». Мультфильм призван в увлекательной и понятной форме донести до детей важность закона, справедливости и общественного порядка. Главный герой анимационного фильма — Барс, символизирующий независимость и силу Казахстана. Он учит детей таким ценностям, как честность, уважение и соблюдение правил. В…

Read More

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Іс-шараға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. Форумға Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да беделді оқу орындарының басшылары қатысты. «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш» Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның адамзат дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. – Бұл форум – жаһандық білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен даму…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімді және ашық диалог орнату болды. Акция барысында қала тұрғындарына қала әкімдігінің бөлім басшылары, прокуратура, полиция, әділет органдары, сот және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар кәсіби заңгерлер мен адвокаттар тегін құқықтық кеңес берді. Тұрғындар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша нақты жауап алып, заңдық тұрғыда дұрыс бағыт алу мүмкіндігіне ие болды. Акция аясында заң саласының мамандары азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және…

Read More

Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді. Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы бұл сала ел экономикасының берік негізі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет екенін баса айтты. Қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірінде өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істейді. Олар жерді ұтымды пайдалану, өнімді өңдеу және өткізу тізбегін тиімді ұйымдастыру бағытында озық тәжірибе көрсетіп отыр. Президент атап өткендей, мұндай кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен қолданып, өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыруда. Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің басты тетігі – инновация мен технологияны енгізу. Дәлме-дәл егіншілік, смарт фермалар, автоматтандырылған суару жүйелері және агродрондар –…

Read More

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Грузин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Республика күніне арналған «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты халықтар достығы фестивалі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Сахна төріне көтерілген Грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили және этнос өкілдері барша қатысушыларды ұлттық мерекелермен құттықтап, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің маңыздылығын атап өтті. – Бұл фестиваль – біздің елдегі бейбіт өмірдің, бір-бірімізге деген құрмет пен түсіністіктің көрінісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы…

Read More