Автор: ais_media

Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті. – Конституциямыздың алғашқы бабында «Адам және адамның өмірі – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» екені анық көрсетілген. Азаматтық қорғау саласының әр қызметкері ел қауіпсіздігі және азаматтарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет. Халқымыз өздеріңіз сияқты батыл, ержүрек және ең бастысы, нағыз отаншыл азаматтарды әрдайым мақтан тұтады. Сіздердің адал қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің аграрлық секторын жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеті – озық агроэкономикаға көшу, бұл үкіметтің нақты және жүйелі жоспары болуы тиіс екенін айтты. Президенттің пікірінше, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында технологиялық жаңғырту аса қажет. Ауыл шаруашылығында заманауи цифрлық шешімдерді, интеллектуалды жүйелерді және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы өнімділікті арттыру мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жер қойнауын зерделеу және ауыл шаруашылығымен байланысты табиғи ресурстарды басқару ісін жаңғырту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде жүргізілген аэро-геофизикалық зерттеулер ескірген, сондықтан…

Read More

Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты. Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылды Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында «Таза мекен» акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді. Акцияға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды. Қоғам белсендісі…

Read More

В Шымкенте в рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» прошла масштабная экологическая акция. К субботнику, охватившему все районы города, присоединились местные жители, волонтёры, молодежь, коммунальные службы и учащиеся учебных заведений. Абайский район: очищены микрорайон Кызылжар и улица Сарыкөл В плотно заселённом микрорайоне Кызылжар прошла акция «Таза мекен», в ходе которой участники очистили улицы, арыки и ирригационные системы от мусора, провели обрезку деревьев и благоустройство территории. На улице Сарыкөл была устранена инертная засыпка и наведён порядок. В акции приняли участие представители партии «Amanat», местные жители и коммунальщики — всего около 190 человек. В ходе работ было вывезено 12 тонн мусора с помощью…

Read More

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі аясында өткен «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу» тақырыбындағы пленарлық сессияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Рахим Саидзода, Қазақстан Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан, ЮНИСЕФ-тің білім беру мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Нора Шабани, ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңесінің өкілі Амир Пирич, Босния және Герцеговина Федерациясының Тәрбие және білім беру мәселелері жөніндегі министрлігінің өкілі Мелисса Миздрак, Халықаралық бакалавриат ұйымының бас директоры орынбасары Марко Донди, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Бұған…

Read More

2025 жылғы 8 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Қазақстан – Еуропа мен Азияны жалғап тұрған маңызды көпір. Мемлекет басшысының айтуынша, 2024 жылы еліміздің аумағы арқылы тасымалданған жүктің көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің транзиттік мүмкіндіктері мен инфрақұрылымының даму қарқынын нақты айғақтайтын көрсеткіш. Сонымен қатар, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия нарығына тікелей жол ашса, «Шығыс – Батыс» бағыты арқылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде Қазақстанның Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретіндегі рөлі арта түсуде. Президент атап өткендей: «Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек.» Демек,…

Read More

2025 жылғы 8 қазан күні шамамен сағат 19:30-да Шымкент қаласының Төлеметов пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алды. VOLVO маркалы, мемлекеттік нөмірі 053AAY11 болатын, салмағы 15 тонналық жүк көлігінің артқы борты ашылып кетіп, көлікте тиелген 12 тонна нефтешламның шамамен 4 тоннасы жол үстіне төгілген. Белгілі болғандай, жүк көлігі «PetroKazakhstan» ЖШС-не тиесілі өнімді Шымкент қаласынан Қызылорда қаласына жеткізу бағытында болған. Көлікті 1978 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны, Ажарбаев Динаман Жұмаділаевич басқарған. Оқиға орнына сол күні сағат 21:45-те Шымкент қаласы Қаратау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары келіп, қажетті зертханалық сынамалар алды. Мамандардың қатысуымен жағдайдың қоршаған ортаға әсерін…

Read More

Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы ірі жобалар жүзеге асырылуда. 2025 жылы Абай ауданы аумағында бұрынғы ескі қоқыс полигонының орнына жаңа «Экопарк» саябағының құрылысы басталды. Бұл жоба мегаполистің экологиялық мәдениетін арттырып, тұрғындарға демалыс пен спортқа арналған заманауи кеңістік ұсынбақ. Құрылыс барысында саябақ аумағын көгалдандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Демеушілік қолдау аясында «Дани нан» компаниясы саябақ аумағына 5 000 дана ағаш көшетін (рябина, дуб, катальпа, ясень, клен, черемуха, тополь, липа) отырғызуды қолға алды. Әр ағаштың биіктігі 3–7 метр аралығында. Сонымен қатар, «BI GROUP» ЖШС демеушілігімен 9 дана су ұңғымасы қазылып,…

Read More

2025 жылы қала аумағында тіркелген газдан улану фактілеріне талдау жүргізіліп, қалалық прокуратурамен бірлескен түрде нақты жұмыс алгоритмі әзірленді. Нәтижесінде жапырақты диаграмма негізінде қызыл аймақтар мен тәуекел аймақтары анықталып, сол аумақтарда мақсатты профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Газдан улану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді. Алгоритмге сәйкес, қызыл аймаққа кіретін «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» және «Спорт» шағын аудандарында, сондай-ақ тәуекел аймағына жатқызылған «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5…

Read More

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде 176 қылмыстық іс тіркеліп, оның төртеуі сотқа жолданды. Ең көп тіркелетін қылмыстардың қатарында алаяқтық (62 іс), ұрлық (41 іс) және есірткі заттарының заңсыз айналымы (9 іс) бар. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына байланысты 8 іс қозғалған. Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалуда. Мәселен, тіркелген 37 интернет-алаяқтықтың ішінде: • әлеуметтік желілердегі тауар жарнамалары арқылы жасалған алдау (16 жағдай), • инвестициялық жарнамалар арқылы азаматтардың қаражатын иемдену (4 жағдай), • өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып, жалған қоңыраулар шалу (12 жағдай), • жалған несиелер рәсімдеу (4 жағдай) орын алған. Мысалы, «С» есімді қала тұрғыны Instagram желісі…

Read More