Автор: ais_media

«Парламент – Тәуелсіздігімізді және мемлекеттігімізді айшықтайтын маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейтін ақиқат, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Жалпы, реформаның негізгі мақсаты, соған сәйкес істелуге тиіс жұмыстың бағыт-бағдары туралы Жолдауда кеңінен айтылды. Референдумға дейін атқарылатын жұмыстың бәрін мұқият ойластырып, байыппен жүргізу қажет. Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек деп санаймын. Түпкілікті шешім, яғни қоғам пікірі дұрыс болуы үшін осы мәселеге қатысты айтылатын әрбір ой-пікір де әбден тексерілген, екшелген, жан-жақты сарапталған болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан Жұмыс тобы өз міндетін нағыз кәсіби ұстанымға сай атқаруға тиіс. Атап айтқанда, «е-Otinish» және «е-Gov» порталдары арқылы…

Read More

«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді».

Read More

«Баршаңызға мәлім, елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалуда. Бір ел болып саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осы өзгерістер жалғасын табуы керек. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Мемлекетімізді түбегейлі жаңғырту стратегиясын «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай жүргізе беру маңызды. Бұл – елімізде Президенттік билік жүйесінің тиімділігі сақталады деген сөз. Жалпы, бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз».

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе» «Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе.…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін қамтамасыз ететін қозғаушы күш болуға тиіс. Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жеткені аймақ экономикасының тұрақты дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға артты. Аталған кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға ұлғайды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті. Қазіргі таңда қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 150-ден…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған Жолдауында еліміздің қаржы секторын реформалаудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Үкіметке банк ақшасын экономикалық айналымға тиімді тартудың нақты тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Бұл бағыттағы шешімдерді кешіктіруге болмайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, банктер туралы жаңа заң қабылдау – экономикалық өсімді ынталандырудың негізгі құралы болмақ. Заң жобасында экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер толық ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтау қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысы Парламент депутаттарына заңды жыл соңына дейін қабылдау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл бастама – елдің қаржы жүйесін жаңғырту, экономиканы жандандыру және инвестициялық ахуалды…

Read More

В Шымкенте продолжается республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан», направленная на улучшение экологической культуры и формирование бережного отношения к природе. Сегодня аким города Габит Сыздыкбеков вместе с жителями принял участие в посадке саженцев деревьев в микрорайоне «Астана». Посаженные деревья станут не только важным элементом озеленения, но и создадут комфортное пространство для жителей и гостей города. Глава мегаполиса отметил, что такие мероприятия способствуют формированию ответственного отношения к окружающей среде, укрепляют общественное единство и вовлекают жителей в заботу о чистоте города. Кроме того, в рамках осеннего сезона посадки деревьев в Шымкенте ведутся активные работы по озеленению центральных улиц, парков, скверов и дворовых территорий.…

Read More

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Астана» шағын ауданында көшет отырғызу жұмысына қатысты. Егілген ағаштар қаланың көгалдандыру жүйесін толықтырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы орта қалыптастырады. Іс-шара барысында мегаполис басшысы мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті: — Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен әсем келбетіне үлес қосуы тиіс, – деді Ғабит Сыздықбеков. Сондай-ақ, күзгі көгалдандыру маусымы аясында Шымкент қаласының орталық…

Read More

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет базалық мөлшерлемені 18% жылдық деңгейге дейін, ±1 пайыздық дәлізбен көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам қыркүйек айында инфляцияның 12,2%-дан 12,9%-ға дейін жеделдеуі және оның болжамнан асып кетуі аясында қабылданды. Бұл шешімнің негізгі бағыттар бойынша ықпалы төмендегідей: Жинақтаушылар үшін Базалық мөлшерлеменің өсуі теңгедегі активтердің нақты кірістілігіне тікелей әсер етеді. Енді ұлттық валютада жинақтау – инфляциядан қорғану ғана емес, сонымен қатар нақты табыс әкелетін тиімді қаржылық құралға айналуда. Бұл тұтынудан жинақтауға деген ынтаны арттырады. Теңге бағамы үшін Мөлшерлеменің көтерілуі ішкі және сыртқы инвесторлар үшін теңгенің тартымдылығын арттырады. Бұл капитал ағынын ынталандырып, валюта нарығының тұрақтануына және теңге бағамының құбылмалылығының…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі транзиттік аймақ ретіндегі мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Жол инфрақұрылымын жетілдіру және ауыр салмақтағы жүк көліктерінің қозғалысын бақылау мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары іске қосылып жатыр. Бұл шаралар еліміздің транзиттік әлеуетін арттырумен қатар, автожолдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің бастамалары көлік және логистика саласын жаңа деңгейге көтеріп, экономикалық өсім мен өңірлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. #ПрезидентЖолдауы #ҚасымЖомартТоқаев #КөлікЛогистика #ТранзиттікӘлеует #ИнфрақұрылымДаму #Автожол #Автоматтандыру #ҚазақстанДамуы #ЖолСапасы #DigitalKazakhstan

Read More