Автор: ais_media

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуде мәдени мұраның алар орны ерекше екенін атап өтті. Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық өкілдігінің мүшелерімен өткен кездесуде шымкенттік «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі жайлы айтқан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев еліміздегі үшінші мегаполис жастарының белсенділігін тілге тиек етті. Тамызда Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» ұйымының «Біз біргеміз» лагерін лайықты өткізгенін хабарлап, Достық үйі базасында ашылған комьюнити орталық қалалық өкілдіктің жұмысын…

Read More

В сентябре 2025 года в Карагандинской, Костанайской областях и городе Шымкент с успехом завершился первый этап проекта «Читающая нация» – масштабной интеллектуально-просветительской инициативы, призванной сформировать в Казахстане устойчивую культуру чтения. Основная цель заключается в воспитании привычки к регулярному чтению, начиная с детского возраста, развитии критического и аналитического мышления, а также популяризации книги как ключевого источника знаний. Инициатива реализуется в рамках концепции Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Кемелевича Токаева, озвученной на III заседании Национального Курултая, и ставит амбициозную цель – вывести Казахстан в десятку самых читающих стран мира. За месяц в трех регионах для участия в проекте зарегистрировались 189 221 участник: Карагандинская…

Read More

Қыркүйек айында Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. «Кітап оқитын ұлт» жобасы – елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына шығаруды көздейді. Бір ай көлемінде 3 аймақтан 189 221 адам қатысуға өтінім берді. Қарағанды облысы бойынша 67 438 қатысушы тіркелсе, Қостанай…

Read More

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді. – Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты газ одағының арқасында өңірде жаңа энергетикалық жүйе қалыптасып келеді. Бұл халық пен өнеркәсіпті көгілдір отынмен сенімді түрде қамтамасыз етеді. Каспий құбыры консорциумының маңызына арнайы тоқталсам деймін. Былтыр осы желі арқылы шамамен 63 миллион тоннаға жуық отандық мұнай тасымалданды. Аталған проблеманы терең түсініп, нақты шаралар қабылдаған құрметті Владимир Владимирович, Сізге алғыс айтамын. Сонымен қатар шығыс тармағының да өзектілігі артып келе жатқанын байқаймыз. Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Біз арқылы жылына 10 миллион тоннаға дейін мұнай жеткізіледі. Дегенмен өткен жылы тасымалданған мұнай көлемі бұл…

Read More

Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті. Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды. – Алғашқы саммитте экономикалық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге келіскен едік. Бүгін қабылданатын Бірлескен іс-қимыл жоспары 50-ден аса шараны қамтиды. Бұл – өте құнды құжат. Сол себепті оны уақтылы іске асыруға барынша күш жұмылдыру қажет. Орталық Азия елдерінің Ресеймен сауда көлемі барлық тауар айналымының үштен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыз өсіп, 50 миллиард доллардан асты. Аталған көлемнің жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаға тиесілі. Былтыр оның көлемі 28…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі транзиттік аймақ ретіндегі мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Жол инфрақұрылымын жетілдіру және ауыр салмақтағы жүк көліктерінің қозғалысын бақылау мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары іске қосылып жатыр. Бұл шаралар еліміздің транзиттік әлеуетін арттырумен қатар, автожолдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің бастамалары көлік және логистика саласын жаңа деңгейге көтеріп, экономикалық өсім мен өңірлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. #ПрезидентЖолдауы #ҚасымЖомартТоқаев #КөлікЛогистика #ТранзиттікӘлеует #ИнфрақұрылымДаму #Автожол #Автоматтандыру #ҚазақстанДамуы #ЖолСапасы #DigitalKazakhstan

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет» – деп атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның цифрлық дамуын жеделдетіп, әрбір саланы инновациялық шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында жасанды интеллекттің әлеуетін толық пайдалану елімізді бәсекеге қабілетті, тиімді әрі заманауи экономикасы бар мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және азаматтық сектор жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруға және өндірістік процестерді жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Қазақстанның дамуы – әрбір қазақстандықтың қолында, және біз тек жаңашылдық пен технологиялық прогресске сүйенген жағдайда ғана жаһандық экономикалық аренда тұрақты орын…

Read More

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Халықтар достығы – халық қазынасы» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Қалалық иран этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестік өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен өнерін жұртшылыққа көрсету арқылы ел бірлігін бекемдеу және этностар арасындағы достықты дәріптеу негізінде қоғамдық келісімді сақтау. Мерекелік концертке қала тұрғындары, қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов өз сөзінде қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін бекемдеу мен бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтаудағы рөлі туралы айтты.…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы экономиканы жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде цифрлық инновацияларды дамыту қажеттігін айтты. Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы маңызды қадам – Цифрлық кодексті қабылдау. Кодексте жасанды интеллектті қолдану, платформалық экономика, Big Data (үлкен деректер) және өзге де цифрлық процестерді реттеу көзделеді. Мемлекет цифрлық трансформацияны жүйелі түрде жүргізу үшін нормативтік-құқықтық негізді жаңартуға ерекше назар аударып отыр. Бұл бастама елдің технологиялық және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. #ПрезидентЖолдауы #ЦифрлықҚазақстан #ЖасандыИнтеллект #Президентжолдауы2025 #ЭкономикалықЖаңғыру #Жолдау2025

Read More

В Шымкенте продолжается реализация Концепции модернизации микрорайона «Көксай», известного среди населения как «Зелёная балка». История этого района берёт начало в 1915 году, когда в городе началось строительство железной дороги и сюда прибыли первые поселенцы. Район также называли «Нахаловкой», поскольку значительная часть домов была построена жителями самостоятельно, без оформления документов. На протяжении десятилетий здесь сохранялись проблемы, связанные с состоянием жилого фонда и криминогенной обстановкой. Большинство многоквартирных домов района были возведены более века назад и сегодня находятся в аварийном состоянии. После встреч с жителями акимом города Шымкент Габитом Сыздыкбековым было принято решение модернизировать район и приступить к практической реализации программы переселения и…

Read More