Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Ел болашағын тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген педагогтарға құрмет көрсетуге арналған бұл мерекелік іс-шара ұстаздар қауымының мәртебесін айшықтап, олардың еңбегіне деген шынайы ризашылықтың көрінісіне айналды. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жетекшілері, ардагер ұстаздар мен 2000-нан астам педагог қатысты. Зал толы тағзым мен алғысқа лайық жандардың жүзінен қуаныш пен толқу қатар сезілді. Мерекеде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік наградалары табысталды. Шымкент қаласының төрт ұстазы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін иеленсе,…
Автор: ais_media
В Шымкенте под сводами дворца «Қызғалдақ» на торжественное собрание под названием «Учитель – светоч нации» собрались более 2000 педагогов, ректоры высших учебных заведений, руководители организаций технического и профессионального образования, учителя-ветераны, аким Шымкента, председатель городского маслихата, а также акимы районов и руководители управлений. Это событие стало ярким свидетельством того, насколько высоко в Шымкенте ценят нелегкий и благородный труд педагогов. Особое место на торжестве заняла церемония награждения, подчеркивающая государственное и общественное признание заслуг шымкентских педагогов. Четыре учителя города были удостоены нагрудного знака «Ерен еңбегі үшін». Кроме того, ряд педагогов получили нагрудные знаки «Ы. Алтынсарин» и «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», а также…
Узнайте, как Шымкент революционизировал транспортные потоки с помощью более чем 200 датчиков smartmicro и городской Интеллектуальной Транспортной Системы. В 2024 году город Шымкент (Казахстан) сделал большой шаг к «умной» городской мобильности, внедрив Интеллектуальную Транспортную Систему (ИТС), используя технологии датчиков smartmicro. Проблема: Быстрый рост города и увеличение объёмов трафика привели к заторам и неэффективной организации движения на ключевых перекрёстках. Решение: В партнёрстве с smartmicro Шымкент реализовал масштабируемую ИТС, включающую: более 200 радарных сенсоров UMRR-11 Type 132 для контроля стоп-линии, оценки длины очередей и подсчёта автомобилей; интеграцию с контроллерами светофоров для адаптивного управления сигналами; мониторинг дорожного движения в реальном времени и оперативное…
В своём последнем Послании от 8 сентября 2025 года Президент Касым-Жомарт Токаев ясно обозначил вектор развития страны — в сторону глубокой цифровой трансформации. Цифровая модернизация перестаёт быть просто инструментом – она становится основой экономического роста, эффективного управления и конкурентоспособности на международной арене. Президент подчеркнул, что озвученные им задачи неразрывно связаны с цифровой модернизацией страны, а значит, требуют системного подхода на всех уровнях. Тотальное внедрение искусственного интеллекта и цифровизация всех сфер жизни должны стать ключевыми элементами новой стратегии. Речь идёт не просто об автоматизации процессов, а о построении по-настоящему цифрового государства, где технологии работают на благо граждан. Особое внимание в Послании…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді. Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр. Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар.
Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет…
«Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Мемлекет басшысы сондай-ақ: «Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет. Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту қажет. Бірақ негізгі жауапкершілік – Үкіметте», – деді. Аталған бағыттарды іске асыру мақсатында Шымкент қаласында цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелер енгізілуде. Сонымен қатар, Гонконгтағы Belt and Road халықаралық саммиті аясында Гонконг әуежайы мен «Шымкент әуежайы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. #Президентжолдауы2025
2025 жылдың 1 қазанында рухани астана Түркістан төрінде, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл рухани жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, ел ақсақалдары, Түркістанның тұрғындары мен қонақтары қатысып, рухани іс-шараның мәнін арттыра түсті. Шара қонақтарды ыстық ілтипатпен қарсы алудан басталып, киелі кесене алдында құрбандық шалу рәсімімен жалғасын тапты. Бас мүфти жиналған жамағатқа жүрекжарды сөзін арнап, ұлы бабалардың аманатын сақтау мен…
Шымкент қаласында жаңа оқу жылына орай мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау мәселесі басты назарда тұр. Қала әкімдігі мен білім басқармасының бастамасымен 2025–2026 оқу жылына арналған арнайы іс-жоспар бекітіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қаладағы 62 жалпы орта мектепте (оның ішінде 44 мемлекеттік, 18 жекеменшік) 409 оқушының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамай жүргені анықталды. Негізінен, мәселе орамал тағумен байланысты. Бұл жағдайды шешу үшін барлық мектептерде профилактикалық кеңестер құрылып, оның құрамына мектеп қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары мен теолог мамандар енгізілді. Кеңес мүшелері ата-аналармен кездесіп, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және бірыңғай форма талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.…
Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл жыл басынан бері қала аумағында 304 шақырым жолға асфальт төселді. Оның ішінде Абай ауданында – 80,4 шақырым, Тұран ауданында – 60,7 шақырым, Әл-Фараби ауданында – 20,1 шақырым, Қаратау ауданында – 78,5 шақырым, Еңбекші ауданында – 64,3 шақырым. Бұл жұмыстар шалғайдағы елді мекендердің орталықпен байланысын нығайтып, тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетуге елеулі үлес қосуда. Жалпы ағымдағы жылы қаладағы жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, жаңа №8 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт Тоғыс тұрғын алабын қамтып, Мұнайбарлаушылар көшесінен…