Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл жыл басынан бері қала аумағында 304 шақырым жолға асфальт төселді. Оның ішінде Абай ауданында – 80,4 шақырым, Тұран ауданында – 60,7 шақырым, Әл-Фараби ауданында – 20,1 шақырым, Қаратау ауданында – 78,5 шақырым, Еңбекші ауданында – 64,3 шақырым. Бұл жұмыстар шалғайдағы елді мекендердің орталықпен байланысын нығайтып, тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетуге елеулі үлес қосуда. Жалпы ағымдағы жылы қаладағы жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, жаңа №8 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт Тоғыс тұрғын алабын қамтып, Мұнайбарлаушылар көшесінен…
Автор: ais_media
1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Қарттар үйлерінде концерттер өткізіліп, басты салтанатты жиын сағат 12:00-де «Royal Rose» мейрамханасында өтеді. Мұнда түрлі салада еңбек еткен 200-ден астам ардагерге сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталады. 5 қазан – Ұстаздар күніне орай 3 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара өтеді. Жергілікті өнерпаздар мен жастар ұстаздарға арнаған өнерін паш етіп, үздік педагогтарға марапаттар тапсырылады. 19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңындағы мереке де «Қызғалдақ» сарайында атап өтіледі. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын концерттік бағдарламаға жергілікті өнерпаздар қатысады. Биыл құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесін ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығымен бірге атап өтуде. Осыған орай республика көлемінде…
Шымкент қаласында электр энергиясымен қамтуды арттыруға бағытталған маңызды жоба – «Ақжар» 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы басталып, бастапқыда 2023 жылы бітуі тиіс еді. Алайда кабель желісінің ұрлануына байланысты жұмыс мерзімі созылып, жоба 2024 жылға өтпелі болып танылды. Өткен жылы 2 шақырымға жуық 110 кВ кабель желісі ұрланғандықтан, мердігер мекеме «ТПЭП» ЖШС оны өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі мамыр айында нысанға арнайы барып, құрылыс қарқынын бақылап, жұмыстарды тамызға дейін аяқтауды тапсырған болатын. Дегенмен кабельді дайындау, монтаждау және қосу технологиялық уақытына байланысты нысанды белгіленген мерзімде тапсыру мүмкін болмады. Мердігер компания…
Шымкент қаласында жолдарды сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 2024–2025 жылдарға 1,021 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер компания ретінде «QSM Engineering» ЖШС анықталды. Биыл бөлінген 308,6 млн теңге есебінен алғашқы үш станцияның құрылысы аяқталып, қазан айынан бастап толық іске қосылады. Олар Шымкент–Сайрам бағытындағы Жібек жолы көшесінде, Бердібек қожа көшесінде және Әмір Темір көшесінде орналасқан. 2026 жылға қарай қалада тағы алты станция салу жоспарланып отыр. Олар Әл-Фараби көшесінде (Ынтымақ және Исфиджаб аумағында), Темірлан тасжолында (Әуежай маңы), Бәйдібек би даңғылында (Бозарықта), А-2 айналма жолында (Ипподром маңы) және Шымкент–Ташкент тас жолында орналаспақ. Жоба құны…
Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – тіл саясатының басты мақсаты. Осы орайда 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша, жарнама, мәзір және бағалар мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі міндеттелген. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам нысан зерделеніп, 2380 кәсіпкерге кемшіліктерді түзету туралы ұсынымдар берілді. Оның ішінде 120 нысан заң талаптарына сәйкес реттелді, қалғандары түзету үстінде. Мәселен, «Мадлен», «Мизам», «Nanduk», «Ankara» сияқты танымал дәмханалардың мәзірлері мен көрнекі ақпараттары мемлекеттік тілде қайта рәсімделді. Заңға сәйкес, жарнама мен көрнекі ақпарат алдымен қазақ тілінде, кейін қажет жағдайда басқа тілдерде берілуі тиіс. Бұл талап…
Жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды. Жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды. Стадион аумағы толық абаттандырылып, бұрын-соңды ауыстырылмаған газон жаңарды, халықаралық сертификатталған жабыны бар жүгіру жолдары төселді. Сонымен бірге негізгі командаға арналған…
Шымкент қаласының бірқатар шағын аудандарында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы басталды. Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаңа деполар пайдалануға берілген соң мұнда 20-ға жуық қызметкер жұмыс істеп, 2 өрт сөндіру техникасы тұрақты дайындықта тұрады. Сондай-ақ тұрғындарға учаскелік полиция, медициналық пункт, өрт сөндіру бекеті және жол-патрульдік қызмет те қолжетімді болмақ. Бір қабатты ғимаратта қызметтік кабинеттер, асхана және оқу сыныбы қарастырылған. Нысандардың құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Осыған қоса, жыл соңына дейін Бозарық пен Жаңаталап шағын аудандарында да осындай деполардың құрылысы басталмақ. Ал 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа,…
Шымкент қаласында жолдардың сақталуы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, алғашқы үш станция биыл іске қосылды. Олар Шымкент–Сайрам және Шымкент–Қарамұрт бағыттарында орналасқан. 15 қазаннан бастап станциялар толық жұмыс істеп, шамадан тыс салмақпен жүрген көліктерге айыппұл салынады. 2026 жылға дейін қалада қосымша алты нүкте ашу жоспарланған. Сонымен қатар, Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынады. Бұған дейінгі жолағы соңғы рет 2007 жылы жөнделген еді. Жаңа жолақ 3500 метр ұзындықта, ені 60 метр болып, ИКАО-ның ІІІ санатына сәйкес тұрғызылады. Заманауи жарық-сигналдық жүйемен жабдықталатын нысан ауа райы қолайсыз кезде де ұшақ…
Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында полицейлердің күнделікті қызметі мен жанқиярлық еңбегіне арналған «Заң мен Тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде құқық қорғаушылардың күнделікті көшелерді патрульдеуінен бастап, барынша зейін мен батылдықты, кәсібилікті талап ететін сәттеріне дейінгі жұмысын шынайы бейнелейтін жарқын әрі әсерлі фотосуреттер қойылды. Әрбір сурет полицейлердің қиын да абыройлы еңбегі туралы баяндайтын тірі құжат іспетті. Іс-шараның ерекше атмосферасын Ұлттық ұлан оркестрінің өнері толықтыра түсті. Фотокөрмені жүздеген адам, оның ішінде ересектер мен балалар да тамашалады. Қонақтардың қатарында арнайы «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары да болды. Бұл олар үшін жауапкершілік пен қоғамға қызмет етудің көрнекі әрі шабыттандыратын үлгісі болды. Жастар фотоэкспозициямен танысып, сұрақтар…
В торгово-развлекательном комплексе «Shymkent Plaza» состоялась фотовыставка «Закон и Порядок», посвящённая будням сотрудников полиции и их самоотверженной службе на благо общества. На выставке были представлены яркие и эмоциональные фотоснимки, запечатлевшие настоящую жизнь стражей порядка от повседневного патрулирования улиц до моментов, требующих максимальной собранности, мужества и профессионализма. Каждый кадр является живым документом, рассказывающим о нелёгкой, но благородной работе полицейских. Особую атмосферу мероприятию придало выступление оркестра Нацгвардии. Музыкальное сопровождение стало настоящим украшением программы, придав высокую эмоциональность и патриотический настрой. Сотни человек, включая взрослых и детей, посетили фотовыставку. Среди гостей были и учащиеся специализированных классов «Жас сақшы», для которых это стало наглядным и…