Халық арасында «Зеленая балка» аталып кеткен Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Шағынаудан тарихы 1915 жылдан бастау алады. Қалада теміржол құрылысы қолға алынған тұста мұнда тұрғындар қоныстана бастайды. Елдімекенді «Нахаловка» деп те атайды, өйткені үйлердің едәуір бөлігін азаматтар өз бетінше, құжаттарсыз салған. Тұрғындар криминогендік және тұрғын үй жағдайларына байланысты мәселелерді бірнеше рет көтерген. Көп пәтерлі үйлердің дені ғасырдан астам уақыт бұрын салынған және апатты жағдайда. Шағын ауданға арнайы барып, тұрғындардың ұсыныстарын ескерген қала әкімі маңызды шешім қабылдады. Тұжырымдаманың алғашқы кезеңі — көппәтерлі үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша тұрғындарды ескі үйлерден жаңаларына көшіру. Бүгінге дейін 9 көппәтерлі үйден 83 отбасы…
Автор: ais_media
Бүгін Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастардың құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының басты кепілі екенін атап өтті. Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды. Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты. Кездесу барысында сала мамандары жастармен еркін форматта пікір алмасып, өз…
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде қазіргі жағдайда энергетика мәселесіне де баса мән беру керек екенін айтты. – Бұл – экономикамыздың тірегі, стратегиялық әріптестігіміздің негізі. Бүгінде біз ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудамыз. Энергия тасымалдаудың қауіпсіз әрі ыңғайлы жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергия дәлізі – осы саладағы жемісті ынтымақтастық үлгісі. Сонымен бірге жаңартылатын энергия көздеріне, ең алдымен, күн энергиясына айрықша назар аудару қажет деген ойдамыз. Осыған орай, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибе кеңесін құруды ұсынамыз. Дегенмен мұнай мен газды, уранды, көмірді, сирек кездесетін минералдарды игеру және оларды тиімді пайдалану Қазақстанның энергетикалық…
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде экономикалық ынтымақтастықты тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің түп негізі ретінде атады. – Біз 2040 жылға дейінгі Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға баса мән беруіміз қажет. Бүгінгі саммит осы жоспарды нақты шаралармен толықтыруға тиіс. Ұйымға қатысушы әр мемлекеттің өзіне тән артықшылығы және жетістігі бар. Соған қарамастан Ұйым аясында сауда-экономика саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін нақты тетіктер ұсынылған. Соның бірі – Түркі инвестициялық қоры. Осы қаржы ұйымының мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек. Биыл Түркістанда елдеріміздің экономика және сауда министрлері бас қосады. Сол кезде Қор қаржыландыратын жобалар тізімін жасаған жөн болар еді. Өнеркәсіп саласындағы ықпалдастық елдеріміздің экономикасын…
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты. – Түбі бір түркі жұртының тарихы – тамырлас, халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар деп үнемі айтып жатырмыз. Мұның бәрі – берекелі бірлігіміз бен мәңгілік ынтымағымыздың алтын арқауы. Жақында елдеріміз «Түркі халықтарының ынтымақтастық күнін» атап өтті. Бұл – бірлігімізді бекемдей түсетін маңызды мереке. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы достас халықтардың басын қосқан мәртебелі әрі беделді құрылымға айналды. Былтырдан бері Ұйымға құрметті Президент Садыр Жапаров бастаған қырғыз елі тиімді төрағалық етті.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек», – деп атап өтті. Сондай-ақ Президент «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет» екенін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде өндірістің барлық сатысын қамтитын, заманауи технологиялар мен цифрландыру тәсілдерін кеңінен қолданатын үздік агрокәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Мұндай кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға, сала тиімділігін жоғарылатуға және ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге айтарлықтай үлес қосуда. #АуылШаруашылығы #Агроэкономика #Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы #ҚазақстанДамуы #ЭкономикалықӨсу #Агрокәсіпорын #Инновация
Шымкенттің Орталық саябағында қалалық Қазақстан халқы Ассамблесы мен қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ескі пластинка» концерті өтті. Көпшіліктің көңілінен шыққан музыкалық іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының назарына өткен шақтың хит әуендерін ұсыну арқылы олардың жадында достық, сыйластық, махаббат сынды құндылықтарды жаңғыртып, аға буынға қуаныш сыйлау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов концертке арнайы қатысып, ұлағатты ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Достық пен өзара сенім қалыптасқан қоғамда түсіністік пен сыйластық өз тұғырынан түспейтінін айрықша атап өтті. Жиналған жұртшылық алдында шымкенттіктердің сүйікті «Южный город» тобы, Людмила Наумова, Алексей Скибин, Нұрлан Жұбаниязов, Разия Гареева, Светлана…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында екінші деңгейлі банктердің нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы қажеттігін айтты. Президенттің айтуынша, бұл мәселе қоғамда ұзақ уақыттан бері талқыланып келеді және оны кейінге қалдырмай, нақты іске көшу маңызды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту жөнінде бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама еліміздің инновациялық әлеуетін арттыруға және жаңа технологиялық жобаларды дамытуға бағытталған. Бағдарламаны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып дайындауы тиіс. #Қазақстан #ПрезидентЖолдауы #ҚаржыСекторы #Инвестиция #ЭкономикалықДаму #ҰлттықБанк #Инновация #Технология
Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды. Қала әкімі тұрақты әрі теңгерімді кіріс базасын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Себебі, дәл осы қаражат есебінен қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды жобалары жүзеге асырылады. Соңғы екі жылда бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, оң динамика байқалуда. Атап айтқанда, қалалық бюджет көлемі 239 млрд теңгеге артып, 895 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 496 млрд теңге —…
В соответствии с поручением Главы государства по увеличению объема собственных доходов регионов сегодня в городском Департаменте государственных доходов состоялось специальное совещание с участием акима города Габита Сыздыкбекова и представителей компетентных органов. В центре обсуждения были вопросы увеличения объема собственных доходов городского бюджета. Аким города отметил, что развитие устойчивой доходной базы имеет стратегическое значение, так как именно она позволяет реализовывать приоритетные проекты и решать актуальные задачи развития города. За последние два года в этом направлении достигнуты значительные результаты. В частности, объем городского бюджета увеличился на 239 млрд. тенге и составил 895 млрд. тенге, из которых 496 млрд. пришлись на собственные доходы.…