Еңбекші ауданы аумағында жалпы ұзындығы 732 шақырымнан асатын 728 көше бар. 2025 жылы 72 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі таңда олардың 90%-да тиісті жұмыстар аяқталды. Аяқжолдар салу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп, 2025 жылы 13,2 шақырым жаңа аяқжол пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ирригациялық арықтар орнату арқылы су басу қаупін азайтуға бағытталған шаралар іске асуда. Жарықтандыру жұмыстары бойынша 2025 жылы жалпы 367 көше қамтылуы тиіс болса, қазіргі таңда 282 көше толық жарықтандырылып, жыл соңына дейін тиісті меже орындалатын болады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 47 аула мен 17 мекенжайда балалар ойын алаңшалары орнатылды. Аудандағы спорт нысандарының саны да артып, 2025…
Автор: ais_media
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында салықтан түскен әр теңге халық игілігіне жұмсалуы тиіс екенін атап өтті. Бұл қағидат — азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді, инфрақұрылымды дамыту мен мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осы бағытта Шымкент қаласының бюджет түсімдері жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Соңғы екі жылдың ішінде қала қазынасы 130 млрд теңгеге артып, 473 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, бюджет дербестігі 46%-дан 56%-ға көтерілді. 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 72%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл қадамдар жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтып, қаржылық тәуелсіздікті арттыруға ықпал етеді. #ПрезидентЖолдауы #ШымкентДамуы #БюджетДербестігі #ҚаржылықТәуелсіздік
Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады 26–27 қыркүйек күндері Шымкент қаласында дәстүр мен руханиятты ұлықтаған «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтеді. Шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 26 қыркүйекте сағат 15:00-де «Қызғалдақ» сарайында оқушылар арасындағы республикалық өнер фестивалі өтсе, 27 қыркүйекте дәл осы мекемеде кәсіби өнерпаздардың қатысуымен үлкен өнер кеші жалғасын табады. Фестивальдің басты мақсаты – ата-бабалардан келе жатқан дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайту. Фестиваль аясында ән, күй, жыр, терме және рухани мектептердің тағылымды дәстүрлері…
Қарттар күніне орай 70 жастан асқан азаматтарға 3 АЕК (11 796 тг) көлемінде бір реттік көмек, ал 80 жастан асқан жалғызбасты қарттарға 2 АЕК (7 864 тг) мөлшерінде ай сайынғы көмек беріледі. Сонымен қатар, зейнеткерлерге тегін қоғамдық көлік және санаторлық ем қабылдауға жолдама қарастырылған. 99 216 зейнеткер тұратын Шымкент қаласында «Ізетті зейнеткер» мекемесі 120 зейнеткерге дейін қабылдай алатын толық жағдаймен қамтамасыз етілген емдеу орнын іске қосқан. 25 қыркүйекте «Арбат» демалыс аймағында «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 100-ден астам жұмыс беруші мен солтүстік өңірлерден делегациялар қатысып, ерікті қоныс аудару бойынша да…
Тұран ауданына қарасты Арғымақ шағын ауданында әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Қазіргі таңда ауданда мектеп салынбағанымен, 2,5 шақырым жердегі Құлагер шағын ауданында 2024 жылы 1200 орындық №147 мектеп пайдалануға берілді. Бұл мектеп Арғымақ және Құлагер шағын аудандарының оқушыларына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 3 шақырым қашықтықта орналасқан Ақжар шағын ауданындағы №122 мектепте де білім беру қызметі қолжетімді. Арғымақта мектеп жасындағы балалар саны 500-ге жетпейтіндіктен, жаңа мектеп салу жоспарда жоқ. 2022 жылдан бері 50 балаға арналған «Арғымақ» жекеменшік балабақшасы жұмыс істейді. Құлагер мен Ақжар шағын аудандарында орналасқан балабақшалар да мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етеді. Қосымша балабақша салу қажеттілігі туындамаған. Емхана Арғымақ шағын…
Шымкент қаласында тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында түнгі мезгілде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға байланысты бақылау күшейтілді. Соңғы уақытта түнгі уақытта салют ату деректеріне шағым көбейіп, полиция департаменті тарапынан рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Қоғамдық орындарда салют ату фактілері бойынша жыл басынан бері 123 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, барлығы 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар, сағат 22:00-ден кейін тыныштықты бұзған 4 675 тұлға жауапкершілікке тартылып, 66,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген алаңдарда ғана қолдануға болады. Өзге орындарда қолдануға тыйым салынады. Тұрғындардың тыныштығын сақтау мен қауіпсіз ортаны…
Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде. Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Президент өз сөзінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, соның ішінде ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін (Building Information Modeling, BIM) кеңінен қолдануды тапсырды. Аталған әдіс құрылыс саласында жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде нысандардың сапасын арттыруға, қаржылық шығындарды оңтайландыруға және құрылыстың ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Осы бағытта ағымдағы жылы елімізде жалпы көлемі 1 370 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл шара халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға және құрылыс саласының тұрақты…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері бұдан да кең. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей шығуға болады. Ал «Шығыс – Батыс» бағыты мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында еліміз Еуразиядағы негізгі құрлық жолы ретінде одан әрі маңызды рөл атқармақ. Президент жол салу мен жөндеуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жаңартылып жатыр.…
Принять участие может каждый житель страны через eGov Mobile 25 сентября в 12:00 в Казахстане стартовал всенародный конкурс на лучшее название первой атомной электростанции. Опрос проводится в мобильном приложении eGov Mobile. На главной странице размещен баннер «Предложите свое название АЭС», а пользователям разослано пуш-уведомление о старте конкурса. Цель инициативы – выбрать название будущей станции, которое будет отражать ее историческое, культурное и национальное значение. Чтобы принять участие, необходимо: выбрать язык (казахский или русский); предложить свой вариант названия; кратко описать его смысл (необязательно); подтвердить ознакомление с официальными правилами конкурса. Сбор предложений продлится до 23:59 10 октября 2025 года. С правилами конкурса можно…