25 қыркүйек күні сағат 12:00-де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды. Конкурсқа әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады. Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі. Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау. Қатысу үшін: тілді таңдау (қазақ немесе орыс); өз нұсқасын ұсыну; атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес); конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау. Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның…
Автор: ais_media
В рамках рабочей поездки в Шымкент заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев ознакомился с деятельностью ряда социальных учреждений города. Вице-премьер посетил Центр оказания специальных социальных услуг №2, рассчитанный на 240 мест. Учреждение оказывает стационарные услуги лицам с психоневрологическими нарушениями старше 18 лет. В настоящее время здание требует капитального ремонта и модернизации инженерных сетей для обеспечения безопасных и комфортных условий работы и пребывания посетителей. Этот вопрос будет рассмотрен в рабочем порядке с привлечением профильных государственных органов и экспертов. Особое внимание Ермек Кошербаев уделил Центру активного долголетия, который пользуется большой популярностью у жителей старшего возраста. Здесь пенсионеры получают широкий спектр услуг: медицинские и психологические…
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі. Пресс-турдың негізгі мақсаты – колледждің білім беру мүмкіндіктерін, түлектердің жетістіктерін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар алдымен колледж басшылығымен кездесті. Колледж директоры Гүлмира Жапбарқызы баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, білім беру мекемесінің әлеуеті туралы кең көлемде ақпарат ұсынды. Ол оқу орнының жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін атап өтті: «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі – Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласына мамандар даярлайтын базалық оқу…
Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар Президент геологиялық барлау әрі іске асырылып жатқан жобалардың аясын кеңейту, әсіресе, уран өндіру және оны өңдеу саласында жаңа мүмкіндіктерді зерделеу қажет екенін атап өтті. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы материалдың орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды. – АҚШ-тың энергетика саласындағы басымдықтарына сәйкес, біз көмірге негізделген таза, тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз энергетикалық шешімдерді ұсынамыз. Қазақстанда қуаттың 70 пайыздан астамы көмірден алынады. Әлемдегі көмір қоры мол елдердің бірі ретінде біз де АҚШ сияқты…
Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді. Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады. Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді. – Қазақстан білім мен инновацияға арқа сүйеген экономика құруды мақсат етеді. Бұл ретте цифрлық трансформацияға баса мән беріледі. Еліміздің экономикасы өңірдің өркендеуінде негізгі рөл атқарады. Қазақстанның мұндай биікті бағындыруына Америка бизнесі айтарлықтай үлес қосты. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі 6,5 пайызды құрады.…
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында жалғасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз. Америка Құрама Штаттарының да осы стратегиялық ұстанымды қолдайтыны қуантады. Оған Президент Дональд Трамппен 2024 жылы желтоқсан айында болған әңгімелесу барысында көз жеткіздік. Бүгін біз Президент Трамппен тағы да мазмұнды әңгіме жүргіздік. Ол үшін ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Президент Трамптың прагматикалық дипломатияны алға тартуын, Еуропа мен Таяу Шығыстан бастап Азия мен Африкаға дейінгі қақтығыстарды бейбіт…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи, интеллектуалды жүйе құру қажет. Бұл ретте қажеттілігіне қарай тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру міндеті тұр. Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру маңызды. Аталған құрылым жаңа цифрлық қаржы жүйесінде болашағы зор активтерден тұратын стратегиялық крипторезервті жинақтайтын болады. Мемлекет басшысы жоғары технологиялық салаларға бір миллиард долларға дейін инвестиция тартуға бағытталған арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысты Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе атқаруы тиіс. Сонымен қатар, Екінші деңгейлі банктердің нақты секторға қаржы салуда белсенділік таныту қажеттігі…
Аким Шымкента Габит Сыздыкбеков встретился со спортсменами, завоевавшими звания чемпионов мира и Азии. В атмосфере всеобщей гордости атлеты делились своими впечатлениями, а глава города подчеркнул важность их выдающихся достижений для всей страны. Стоит отметить, что на недавнем Чемпионате мира по боксу в Ливерпуле сборная Казахстана достигла исторического успеха, завоевав семь золотых, одну серебряную и две бронзовые медали. Этот рекорд войдёт в летопись казахстанского спорта. Особые слова благодарности были адресованы мастерам кожаной перчатки — братьям Сабырхан. Махмуд во второй раз поднялся на высшую ступень пьедестала, а его 19-летний брат Торехан впервые в своей карьере стал чемпионом мира, навсегда вписав свое имя…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды. Айта кетейік, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді. Ағайынды Сабырхандарға арнайы алғыстар айтылды. Махмұд тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды. Шымкент спортында өзге де жетістіктер жетерлік. Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын…
Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті. Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы…