«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелді. Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес, 2025 жылы Шымкентке 1 трлн 54 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдары өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашу көзделуде. Бұл жобаларға 406 млрд…
Автор: ais_media
«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылды. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталды. Жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылуы Шымкентке келетін туристер легін арттыруға оң әсер етеді. Қазіргі уақытта SCAT әуекомпаниясының әуе паркінде 37 әуе кемесі бар. Оның 22-сі ішкі бағыттарға қызмет көрсетсе, 15 әуе кемесі халықаралық бағыттарда тұрақты қатынауда. Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары алыс және жақын шетелдерге тікелей Шымкент әуежайынан…
Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасының нақты жүзеге асуы болып табылады. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде бағаланады. Жоба Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.…
В Шымкенте начал работу новый коммьюнити-центр, направленный на развитие творческого потенциала молодежи и обмен их мнениями. Центр расположен в «Доме дружбы» и занимает ранее использовавшееся как подвал помещение, которое было модернизировано в соответствии с современными требованиями и теперь функционирует как современная площадка с круглосуточным режимом работы (24/7). Центр оснащён высококачественными системами освещения и вентиляции и способен одновременно обслуживать около 200 молодых людей. Этот проект является конкретной реализацией поручений Президента Касым-Жомарта Токаева, данных на XXXIV сессии Ассамблеи народа Казахстана. Кроме того, открытие центра приурочено к 30-летию Ассамблеи народа Казахстана и считается одним из важных мероприятий в рамках этой даты. Проект реализован…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толыққанды жаппай цифрлық ел болуға тиіс. Әйтпесе, әлемдік бәсекеде артта қалу қаупі зор. «Экономиканың барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізу қажет», – деп нақты тапсырма берген Президент еліміздің Ұлттық цифрлық даму стратегиясын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «заман ағысына икемделе алған ел ғана өрге жүзеді». Жасанды интеллектке бет бұру жаһандық талапқа сай әрекет етуге ғана емес, елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған жол. Президент қазіргі заманда әлем…
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке өту жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Бұл шешім елдегі саяси өзгерістердің уақыты мен даму логикасынан туындағанын атап өткім келеді. Президент тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, тиімділік пен ашықтық басым болатын билік жүйесін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше назар аударып отыр. Мемлекет басшысының бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен, асығыссыз әрі қысымсыз, қоғамның пікірін құрметтей отырып қарағаны – нағыз саяси стильдің айқын көрінісі. Көшбасшы мықтап талап қоймай, керісінше ұсыныс жасап, пікірталас ашып, ойлануға уақыт береді. Қазақстан жағдайында екі палаталы жүйе кейде процестерді тежеп, артық шығын талап етіп, қоғам күткен нәтижені бермей жатады. Сондықтан бір палаталы Парламент идеясы – көптен жетілген…
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынды. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға тапсырма берді. Цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту — тұрақты дамудың негізі факторы. Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық…
2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Шымкент қаласында алғаш рет аймақтағы бірегей әрі ауқымды форматтағы «Global Tech Wave Central Asia» (GTW CA) цифрлық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар, стартаптар, инвесторлар және ірі корпорациялардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар мен серіктестер қатарында YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming сияқты әлемдік танымал компаниялар болды. Сонымен қатар, Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz және European Business Angels Network сынды ірі венчурлық қорлар да өз қатысуын растады. Бұл қазақстандық стартаптар үшін инвестициялардан бастап, кәсіби тәлімгерлік пен стратегиялық даму мүмкіндіктерін ашты. GTW CA — бұл LA Tech Week шарасынан басталған, кейін Грузияның Тбилиси қаласында өткен…
С 12 по 14 сентября 2025 года в Шымкенте состоялась уникальная глобальная цифровая конференция Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) — первое мероприятие такого масштаба и формата в регионе. Конференция собрала ведущих международных экспертов, стартапы, инвесторов и представителей крупных корпораций. Среди организаторов и партнеров были такие мировые компании, как YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft и Griffin Gaming. Также участие подтвердили крупнейшие венчурные фонды — Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz и European Business Angels Network. Это открыло новые возможности для развития казахстанских стартапов — от инвестиций до профессионального наставничества. GTW CA стала частью международной цепочки мероприятий, стартовавшей на LA Tech…
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Кең ауқымды іс-шараға мегаполистің бес ауданы түгел қамтылып, тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің және түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Қала аумағында санитарлық тазалау, көгалдандыру, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, аулаларды абаттандыру секілді жұмыстар кешенді түрде жүргізілді. Абай ауданында өткен сенбілікке 2450 адам жұмылдырылды. Іс-шара аясында қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен қоқыс алаңдарын жуу, аулаларды бояу және абаттандыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға 53 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 96 тонна…