Шымкент қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды спорттық шара – «Shymkent Marathon – 2025» өз мәресіне жетті. Биылғы жылы аталған бұқаралық жүгіру жарысына 7 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары мен қонақтары белсенді түрде атсалысты. Марафон барысында қатысушылар түрлі қашықтықтар бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, 5, 10, 21 және 42 шақырымдық жүгіру, скандинавиялық жүріс және Экиден (42 шақырымдық командалық эстафета) бағыттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әрбір дистанция қатысушылары үшін барлық қауіпсіздік талаптары мен ұйымдастыру шаралары толықтай қамтамасыз етілді. Жарыс бағыты дәстүрлі түрде Әл-Фараби алаңынан басталып,…
Автор: ais_media
В городе Шымкент завершилось одно из самых масштабных спортивных мероприятий — традиционный массовый забег «Shymkent Marathon – 2025». В этом году спортивный праздник прошёл на высоком уровне и собрал около 7 тысяч участников. В марафоне приняли участие как профессиональные спортсмены, так и жители и гости города, ведущие здоровый образ жизни. Во время марафона участники соревновались на различных дистанциях. Были организованы забеги на 5, 10, 21 и 42 километра, скандинавская ходьба, а также командная эстафета Экиден (42 км). По каждой категории были определены победители и призёры. Для всех участников были обеспечены необходимые меры безопасности и качественная организация. Трасса традиционно начиналась и…
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды. Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады.…
Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған Жолдауында жасанды интеллект технологиясының ел дамуына тигізер әсерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлемдік үрдістен қалыс қалмай, Қазақстан да жаңа технологияны күнделікті өмір мен экономикаға кеңінен енгізуі қажет екенін айтты. Жасанды интеллект тек өндіріс пен білім беру саласында ғана емес, мемлекеттік басқаруда, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қызмет көрсетуде де кең қолданыс табатынын жеткізді. Президенттің айтуынша, бұл технология уақытты үнемдеуге, адам ресурстарын тиімді пайдалануға және шешім қабылдау сапасын арттыруға жол ашады. Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллекттің ең үлкен пайдасы – денсаулық сақтау саласында көрінеді. Қазіргі таңда әлемде жасанды интеллект рентген, КТ, МРТ нәтижелерін автоматты…
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында бірқатар мәселе көтерілді, тағы да тапсырмалар берілді. Солардың ішінде екеуіне тоқталуды жөн көріп отырмын. «Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн. Жасанды интеллект технологиясы мұны жылдам, әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Қ. Тоқаев бүгінгі Жолдауында. Елімізде екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісі болса, соның алты пайызға жуығы ғана өнім өндіреді. Бұл – болмашы көрсеткіш екені аз айтылып жүрген жоқ. Сол себепті, «Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты. Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасу заңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз. Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму…
Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды. Президент ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамытуға қатысты айтқан бастамалары елдің стратегиялық болашағын нақтылайтын маңызды бағдарлар болып табылады. «Ауыл» партиясы үшін ауыл мәселесі – бұл тек экономикалық сала емес, ол – елдің тамыры, ұлттық болмыстың тірегі. Сондықтан Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығына қатысты әрбір бастаманы қолдап, оны дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыру аса маңызды. 2026 жылға дейін пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы…
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған. Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізілуде. Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті. Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.
2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады. Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді. Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%). Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді: қант –…
Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Бұл ауқымды басқосуға Қазақстанмен қатар, ТМД елдері мен шетелдің жетекші мамандары қатысып, кардиохирургия саласындағы жаңа тәжірибелер мен озық шешімдерді ортаға салды. Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, орталықтың ширек ғасырлық еңбегіне тоқталды. Қала басшысы жүрек орталығының медицинадағы жетістіктерін атап өтті. -Әкімдік әрдайым медицина саласындағы игі бастамаларды қолдап, инфрақұрылымды дамытуға, дәрігерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңашыл көзқарастарыңыз сапалы әрі қолжетімді медицинаның берік негізі. Бұл орталықтың жетістігі…