Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты. Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады. Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Смитсон институты – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді.
Автор: ais_media
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, Қазақстан білім беру жүйесінде компанияның тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады. Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары туралы мәлімет берді. Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады. Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды.
Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өтіп, алдағы уақытта үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Еліміз атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытады. Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп…
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында инфрақұрылымдық жобалардың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Мемлекет басшысы билік құрылымдары цифрлық тәсілдерді кеңінен қолдануы тиіс екенін, бастамалардың ашық әрі тиімді жүзеге асырылуы маңызды екенін жеткізді. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Жоба аясында инфрақұрылымды бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құру, дрондарды пайдалану, қауіпсіздік процестерін автоматтандыру, экологиялық ахуалды бақылау және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету шаралары көзделген. Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүзеге асырылуда. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» көрсеткішінің…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Бозарық» индустриялық аймағында жылыжай кешенінің құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаны Түркиялық «Alarko Holding» компаниясы іске асыруда. Инвестициялық құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын, жалпы аумағы 650 гектарлық кешен қызанақ өсіруге бағытталған. Жоба толық қуатына шыққанда жылына 155 мың тонна өнім өндірілмек. Жылыжай кешенінің бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, ал толық іске қосылғанда 5 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылатын болады. Өндірілген…
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Тек биылдың қаңтар–сәуір айларының өзінде қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш болды. Ел Үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Қала экономикасын әртараптандыру үшін өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуде. 2025–2029 жылдары бұл салада 112 жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарланған. Жобаларға тартылатын…
✔Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бұған «өркениеттер дағдарысы» деп айдар тақты. – Киплингше айтсақ, «Батыстың аты – Батыс, Шығыстың аты – Шығыс. Олар ешқашан бір арнада тоғыспайды». Бірқатар ірі мемлекетте орын алған кейінгі уақиғаларды шолып өтсек, мұндай ұйғарымның дұрыс көрінуі мүмкін. Бірақ саяси факторды ешқашан естен шығаруға болмайды. Басқаша айтқанда, басқарушы биліктің мемлекеттік құрылым туралы тұжырымы мен тәжірибесін қаперде ұстаған жөн. Олар жүргізетін саясаттың бейбіт диалогты қолдау, мәдениеттердің, түрлі дін мен дүниетанымның ықпалдастығы тұрғысынан әрдайым орынды әрі конструктивті бола бермейтінін көріп отырмыз. Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизмнің күн санап белең алуы алаңдатпай қоймайды. Қалыптасқан түсініктердің көз алдымызда өзгеруі жастарды адастырады. Бір жағынан…
– Қазақ даласында әлемдегі ең негізгі діндер мен конфессиялардың барлығы дерлік тараған және бір-бірімен жарасым тапқан. Біз қазіргі Қазақстанда да осы игі дәстүрді сақтап, одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің этносаралық және дінаралық келісімді нығайтуда тәжірибесі мол. Қазақстанның этностық әрі діни толеранттық моделі «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатына сүйенеді. Бұл ұстаным тіпті әлемдік өлшем тұрғысынан бірегей саналатын Қазақстан халқы ассамблеясының қызметінде де көрініс тапқан. Тарихтың өзі қалыптастырған халқымыздың төзімі, ынтымақ-бірлігі мен кең дүниетанымы бүгінде еліміздің бейбітсүйгіш, теңгерімді сыртқы саясатынан анық аңғарылады. Бұл саясат сенімге, диалогқа және ынтымақтастыққа негізделген. Жалпыға ортақ осы құндылықтар мен қағидаттар барша халықтар мен мемлекеттер үшін де…
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. – Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда, бүгінгі Съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен Бейбітшілік елшілері деп айтуға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолында жұмылдыруға ниет…