Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеу тапсырылды. Бұл құжат аясында барлық бастамалар мен жобалар жалпыұлттық стратегиямен үйлестіріледі. Шымкент қаласы халықаралық деңгейде «Dahua Technology», «HikVision» және басқа да smart city, қауіпсіздік және цифрландыру саласындағы жетекші компаниялармен өзара тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісім қала инфрақұрылымына жаңа технологияларды енгізуге серпін береді. Сонымен қатар, әуемен жүк тасымалдау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Президент Тоқаевтың Жолдауында бұл саладағы ахуалдың жақсарып келе жатқаны және оның көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Шымкенттің әуежайына KZ/RA3/00004-01 бірегей тіркеу…
Автор: ais_media
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында білім саласын цифрландыруға, жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге айрықша назар аударды. Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект технологиясына негізделген «QAZAQ DIGITAL MEKTEBI» үлгісін әзірлеу арқылы ауыл мектептерін сапалы білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, министрлік пен Ғылым академиясының үйлестіруімен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру, жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын университеттерге көбірек дербестік беру міндеті жүктелді. Президент елімізге шетелден білікті мамандарды тартудың, әсіресе техникалық саланың үздік кадрларын Қазақстанда тұрақтап қалуына жағдай жасаудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша оқу бағдарламасын…
Қазақстан жан-жақты және түбегейлі реформалардың нәтижесінде дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Алда қарқынды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр. Осы бағытта біз айқын бағдарымыздан айнымай, нық қадаммен алға жылжуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мен жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыруға бағытталған. Бұл — стратегиялық бағдарламамыздың негізгі басымдығы. Сонымен қатар, ғылым мен білімге ұмтылған, ел игілігі мен жердің көркеюіне атсалысатын жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Қолға алынған барлық ауқымды бастамалар мен жобалар ең алдымен жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған. #ПрезидентЖолдауы2025 #Жолдау2025 #ЖасандыИнтеллект…
Международный аэропорт Шымкента успешно прошёл процедуру сертификации и получил статус RA3 (Regulated Agent Third Country). Данный сертификат подтверждает соответствие аэропорта строгим требованиям Европейского Союза в сфере авиационной безопасности при обработке грузов. Аэропорту присвоен уникальный регистрационный номер KZ/RA3/00004-01, официально внесённый в европейскую базу данных RA3. Получение данного статуса открывает для аэропорта возможность осуществлять прямые грузовые перевозки в страны ЕС без дополнительных процедур досмотра в транзитных пунктах. Это позволит ускорить доставку и упростить логистические цепочки, снизить временные и финансовые издержки партнёров, а также повысить привлекательность города для международных авиаперевозчиков и логистических компаний. Для Шымкента это событие имеет стратегическое значение. Новый статус укрепляет…
Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды. Әуежайға KZ/RA3/00004-01 деген бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Осы мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жүк жеткізу уақытын жеделдетіп, логистикалық тізбектерді жеңілдетуге, серіктестердің уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға, сондай-ақ қаланың халықаралық әуе тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялар үшін тартымдылығын арттыруға жол ашады. Шымкент үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңызы зор. Жаңа мәртебе әуежайдың Орталық…
Шымкентте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесулер өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – Ақсақалдар кеңесі, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы сындарлы диалогты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді шешудің нақты тетіктерін айқындау, жастарды азаматтық белсенділікке тарту және олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Алғашқы кездесу Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде және Қаратөбе тұрғын алабындағы №96 жалпы орта мектебінде өткізілді. Ал бүгінгі жиын Шымкент қалалық Политехникалық колледжде ұйымдастырылды. Алдағы уақыттағы шара М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі мен «Достық үйінде» жалғасын табады. Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту…
Шымкент қаласында Еңбек күні мерекесіне орай «ТЭЦ-3 Энергоорталық» кәсіпорнында іс-шара өтті. Бұл күн – қарапайым еңбек адамының қадірін ардақтап, тынымсыз еңбегі арқылы қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналған. Іс-шара барысында өндірістің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кәсіпорын цехтары мен бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ұжымның күнделікті жұмысы мен еңбек мәдениеті жайында жан-жақты мағлұмат алды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева құттықтау сөз сөйлеп, мереке иелеріне жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, кәсіпорын басшылығы мен мамандары, зауыт жұмысшылары және осы мекеменің ардагері, қалалық ҚХА жанындағы…
Бүгін, Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі — Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы төмендегідей мәлімдеме жасады Әл-Фараби ауданы аумағында 17 шағын аудан мен 1 елді мекен орналасқан. 266 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 931 көппәтерлі және 16 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Бүгінгі таңда ауыз су, электр энергиясы және табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 33 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңы абаттандырылды, қосымша 5 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы 56 аула, ал 2027–2028 жылдары тағы 52 аула абаттандырылады. Сонымен қатар, 9 спорт алаңы…
Әл-Фараби ауданында қысқы маусымға дайындық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жалпы аудандағы 931 көппәтерлі үйдің 861-і орталық жылу жүйесіне қосылған, бүгінде олардың 97 пайызы қысым сынағынан өткізілген. 2025 жылы тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 20 көпқабатты үй жөндеуден өтуде, оның 13-інде жұмыстар аяқталды. Реновация жобасы бойынша биыл 4 мекенжайда құрылыс жүргізіліп жатыр. 2029 жылға дейін 28 апатты үйді бұзып, 235 меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ аудан аумағындағы базарларды жаңғырту жұмыстары да қолға алынды. «Орталық Қырғы» базарының 50 пайызы жаңартылып, шатыр және павильондар орнатылды. Сонымен қатар, «Назым апа» және «Көктем» базарларында демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясы…
Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі – Есілбек Досбол Күздікбайұлы төмендегідей мәлімдеме жасады Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 228 830 адамға жетті. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан бар. Қазіргі таңда ауыз су 97%, электр энергиясы 99,8%, табиғи газ 97% деңгейінде қолжетімді болса, кәріз жүйесімен қамту – 41%, ал асфальт жолдар – 79,8%-ды құрайды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2022–2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітіліп, инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысымен ауыз сумен қамту толық шешімін тауып, қосымша жобалар 2026 жылға жоспарланды. Электр желілерін…