Автор: ais_media

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік мектептердің рейтингін жариялады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері негізінде жасалған тізімге еліміз бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген 114 білім беру ұйымы енген. Биылғы республикалық олимпиада еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылып, оған 676 мектептен 1636 оқушы қатысты. Білім сайысында оқушылар өздерінің терең білімін, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Рейтинг арнайы бағалау жүйесі арқылы жасалды. Атап айтқанда, алтын медаль үшін – 3 ұпай, күміс медальға – 2 ұпай, ал қола медаль үшін 1 ұпай берілді. Қазақстанның ең үздік 100 мектебі қатарына Шымкент қаласынияң алты білім беру ұйымы…

Read More

Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын meктеп-интернатының 11 сынып оқушысы Дастан Рақыманберді әлемдік деңгейдегі білім рекордын орнатты. Ол халықаралық сындарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, SAT емтиханынан 1480 балл және IELTS бағдарламасынан 7.0 балл жинады. Дастан бүгінгі таңда дүниежүзінің 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алып отыр. Бесінші сыныптан бастап ізденіс жолына түскен түлек – республикалық астрофизика олимпиадасының І орын, халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» конкурсының ІІІ орын және елімізде тұңғыш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасының Іі орын иегері. Сонымен қатар, IT саласында ерекше көзге түсіп, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатонның жүлдегері атанды. Оның ішінде АҚШ-тың NASA агенттігі…

Read More

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және студенттердің ғылыми-зияткерлік әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның нәтижесінде университет студенттері республикалық деңгейдегі білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Жуырда Тұран университетінде «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Әуезов университетінің студенттері жүлделі ІІІ орынды иеленді. Білім бәйгесі «Жасанды интеллект дәуіріндегі есеп пен аудит: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және перспективалар» тақырыбында өтті. Аталған олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, кәсіби білімдері мен аналитикалық қабілеттерін сынға салды. Зияткерлік сайыста М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасының 3-курс студенттері…

Read More

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамыту, жастар бастамаларын қолдау және болашақ мамандарды сапалы даярлауға жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – Кинг Седжонг институты ұйымдастырған шешендік өнер байқауы. Іс-шара 2026 жылғы 22 мамыр күні университет базасында өтіп, студенттерді, корей тілі курсының тыңдаушыларын, оқытушылар мен білім саласының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды. Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың тілдік құзыреттерін дамыту, дарынды студенттерді қолдау және халықаралық білім беру мен мәдени байланыстарды нығайту болды. Бүгінде шетел тілдерін меңгеру жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Жаһандану дәуірінде Шымкент қаласының жоғары оқу орындары халықаралық…

Read More

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы тарихында алғаш рет Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда алдағы халықаралық жолдастық кездесулерге дайындық аясында Қажымұқан атындағы Орталық стадионда жаттығуда. Бір аптаға жоспарланған оқу-жаттығу жиыны 4 маусым күні аяқталады. Одан кейін ұлттық құрама Арменияға аттанып, халықаралық кездесулерге қатысады. Ұлттық құрама алғашқы жолдастық матчын 6 маусым күні сырт алаңда өткізеді. Ал 9 маусымда FIFA рейтингінде 42-орында тұрған Венгрия құрамасына қарсы алаңға шығады. Бұл кездесулер қазақстандық футболшылар үшін халықаралық тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Бұл жолғы жиынға Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубынан бірнеше ойыншы шақырту алды. Олардың қатарында тәжірибелі Сергей Малый мен Бекхан Шайзада бар. Сондай-ақ ұлттық…

Read More

Национальная сборная Казахстана по футболу впервые в своей истории проводит учебно-тренировочные сборы в Шымкенте. Подготовка к предстоящим международным товарищеским матчам проходит на Центральном стадионе имени Кажымукана. Учебно-тренировочный сбор продлится до 4 июня, после чего команда отправится в Армению для участия в международных матчах. Первую товарищескую встречу национальная сборная проведёт 6 июня на выезде. Следующим соперником станет сборная Венгрии, занимающая 42-е место в рейтинге FIFA. Матч состоится 9 июня и станет важным этапом подготовки команды, а также возможностью для игроков укрепить международный опыт. В состав участников нынешнего сбора вошли и представители шымкентского футбольного клуба «Ордабасы». В числе приглашённых — опытные игроки…

Read More

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Түркістан облысында «Жарқын болашақ – бақытты баладан басталады» тақырыбында дарынды балалармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев халықаралық және республикалық білім, ғылым, өнер және спорт додаларында жеңімпаз атанған 40 оқушымен дөңгелек үстел форматында жүздесті. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары жас дарындарды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктері өңірдің ғана емес, елдің мақтанышы екенін атап өтті. – Бүгін сіздермен осылай еркін форматта жүздесіп, ашық әңгімелесуге келгеніме өте қуаныштымын. Қасиетті Түркістан өңірі – ежелден білім мен ғылымның, мәдениеттің ошағы. Ал бүгінгі таңда сол тарихи мекеннің атын халықаралық, республикалық деңгейде танытып жүрген сіздер секілді…

Read More

Түркістан қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының жаңа заманауи ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтап, оның қоғам үшін маңызына ерекше тоқталды. Өңір басшысы өз сөзінде биыл кітапхананың құрылғанына 65 жыл толып отырғанын атап өтіп, мерейтой қарсаңында жаңа ғимараттың ашылуы облыс руханияты үшін маңызды тарихи оқиға екенін жеткізді. Сонымен қатар жаңа нысанның Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға берілуі аймақ балаларына жасалған ерекше тарту екенін айтты. – Кітапхана – тек кітап сақталатын орын емес. Бұл – ұлттың рухани қазынасы әрі тәрбиенің алтын бесігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында:…

Read More

Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысының хокимі Зойир Мирзаевпен бірге өңірдегі стратегиялық маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, өнеркәсіп, жоғары технологиялар, шикізатты өңдеу және туристік инфрақұрылымды дамыту салаларындағы озық тәжірибелермен танысты. Делегация танысқан табиғат аясында орналасқан туристік кешенде өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану және заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту жолға қойылған. Бұдан кейін делегация Алмалық қаласындағы Мыс байыту фабрикасында болды. Кәсіпорын басшылығы минералдық ресурстарды өңдеу тиімділігін арттыруға және елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған өндірісті жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын таныстырды. Ахангарон ауданында облыс әкімі заманауи климаттық техника өндіруге маманданған Premier Electrotech бірлескен кәсіпорнында болды. Қонақтарға зауыттың өндірістік…

Read More

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізуді бастама етті. Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңі әділеттілік, гуманизм және адамның қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын бекітіп, бұл елдің құқықтық жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды негізі болды. Амнистия қылмысқа жұмсақтық таныту емес, мемлекеттік саясаттың гуманистік және жасампаздық бағытын көрсететін ерекше құқықтық акт. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылық жасаған, бірақ қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтін адамдардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау. Мемлекет мұндай азаматтардың қоғамдық, еңбек және экономикалық өмірге толыққанды оралуына кедергі келтіретін құқықтық және қаржылық кедергілерді азайтуды…

Read More